АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри қарашаның 1-і күні Қазақстанға келеді
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри қарашаның 1-і күні Қазақстанға келеді
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри қараша айының 1-3 күндері аралығында Қазақстанда сапармен болады, деп хабарлайды ҚР-дағы АҚШ Елшілігінің баспасөз қызметі.
Бұл сапар АҚШ Мемлекеттік хатшысының Орталық Азияның бес мемлекеті - Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан, Тәжікстан және Түркіменстан елдеріне жасайтын сапарының аясында болмақ.
Астана қаласында АҚШ мемлекеттік хатшысы Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, жоғары деңгейдегі үкімет басшыларымен екіжақты келіссөздер жүргізеді. Сонымен қатар, АҚШ Мемлекеттік хатшысы АҚШ-Қазақстан Стратегиялық серіктестік диалогы аясындағы төртінші кездесуге қатысып, Назарбаев Университетінде жаһандық мәселелерді шешудегі Орталық Азияның рөлі туралы сөз сөйлейді.