Шымкент әкімі өзі отыратын ғимаратты әдемі әрі жас қыздарға күзеттіріп қойды
Шымкент әкімі өзі отыратын ғимаратты әдемі әрі жас қыздарға күзеттіріп қойды
Шымкент әкімдігінің кіре берісінде Reception пайда болды. Бұл жаңалықты жаңа әкім Ғабидулла Әбдірахымов енгізіп отыр.
Бұған күзет қызметі ақпараттық қызметке көбірек ұқсап бара жатқаны себеп болған. Мұндай ресепшн өзге аймақтардың да әкімдігіне артық болмайтын сияқты. Себебі тұрғындар, тіпті қай кабинетке кіру керектігін білмей жатады.
Әзірге мұндай ақпараттық қызмет бүкіл Қазақстан бойынша тек Шымкентте ғана іске қосылған. 29 қазанда ол салтанатты түрде ашылып, бұл атаулы оқиғаға журналистер де шақырылды.
“Енді келушілердің сұрақтарына күзет қызметі емес, ресепшннің әдемі бойжеткендері жауап беретін болады”, – дейді әкімдік өкілі Нұрлыбек Жеңісбек.