Денсаулық

Қазақстанның Даму банкі Жапонияның ірі банкімен 37,3 млн. долларды құрайтын келісім жасамақ

Қазақстанның Даму банкі Жапонияның ірі банкімен 37,3 млн. долларды құрайтын келісім жасамақ

Қазақстанның Даму банкі Жапонияның ірі банктерінің бірі «Sumitomo Mitsui Banking Corporation» банкімен жалпы сомасы 37,3 млн. долларды құрайтын келісімге қол қоятын болады. Бұл туралы бүгін қазақстан-жапон бизнес форумы аясында журналистерге берген сұхбатында «Қазақстан Даму Банкі» басқарма төрағасы Болат Жәмішев мәлім етті.

Басқарма төрағасының айтуынша, қазақстандық банк жапониялық қаржы институттарымен белсенді түрде ынтымақтасып келеді. Мәселен, жапондық банктер Ақтау халықарлық теңіз портын жаңғырту жобасының бірінші кезеңіне қолдау білдірген болса, Тойота компаниясы Қостанайда өз  маркаларын шығаруды қолға алған.

«Қазіргі күні «Sumitomo Mitsui Banking Corporation» банкімен 37,3 млн. долларды құрайтын келісімшартқа қол қоятын боламыз. Бұл аса тиімді заем ретінде ұсынылып отыр. Бұл ретте біздің тарап осыған байланысты ешқандай да міндеттемелер алып отырған жоқ», - деді Б. Жәмішев.