Тараздағы жантүршігерлік оқиғадан соң белсенділер “Нұр Отан” партиясына өрт сөндіргіш сыйлауда
Тараздағы жантүршігерлік оқиғадан соң белсенділер “Нұр Отан” партиясына өрт сөндіргіш сыйлауда
Кешеден бері Орал мен Астана қалаларындағы бас партияның ғиамаратына қоғам белсенділері өрт сөндіргіш сыйлап жатыр.
Сыйлық тартушылардың сөзінше: «Тараздағы адам отқа оранғанда ғимараттағы өрт сөндіргіш істен шығып қалыпты. Сондықтан да бұл басқа қаладағы партия мүшелеріне сабақ болу керек».
Алайда, Орал қаласының «Абырой» қоғамдық бірлестігінің қызметкерлерін партия мүшелері емес, күзетші мен комендант қарсы алып, ғимаратқа кіргізбеді.
Тіпті, олар сыйлық әкелген азаматтарды заттарын кері әкетпесе, жағдайларының қиын болатынын айтып қорқытқан. Осыдан соң белсенділер сатып әкелген өрт сөндіргіштерін есіктің аузына қойып кетті.
Аталған сыйлықты уақыт өте нұротандықтардың қабылдағаны, я болмаса кері қайтарылғаны белгісіз.