БАҚ: Таразда тағы бір адам өзін өзі өртеп жібермек болды
БАҚ: Таразда тағы бір адам өзін өзі өртеп жібермек болды
Таразда тағы бір адам өзін өртеп, өлтірмек болды деп хабарлайды Zhambylnews.kzсайты.
Жиырма жастағы жігіттің өзін өзі өртеп жіберу оқиғасының ізі суымай жатып, бүгін түс уақытында Тараздың орталығында тағы бір жан өзін-өзі жағып жібермек болды.
Үстіне бензин құйған жанның әрекетіне полиция қызметкерлері бөгет болды.
Алдын ала болжам бойынша, өзін өртемек болған адам Ерлан Бектібаевтың видеоүндеуінде аты аталған Данияр Райымбаевтың анасы болуы мүмкін.
Әзірге, ІІД ресми мәлімет таратқан жоқ.
Еске сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын 20 жастағы Ерлан Бектібаев өз-өзін өртеп, жан тапсырған болатын.