Израиль билігі Иерусалимдегі Әл-Ақса мешітіне қырық жасқа жетпеген ер адамдардың келуіне шектеу енгізді
Израиль билігі Иерусалимдегі Әл-Ақса мешітіне қырық жасқа жетпеген ер адамдардың келуіне шектеу енгізді
Палестиналық топтар бүгін, 26 қазанда Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Иерусалимнің шығыс бөлігінде Израильге қарсы жаппай наразылық танытуға шақырды.
Израиль әскерилерінің хабарлауынша, осы мәлімдемеден соң бірнеше сағаттан кейін Иордан өзенінің батыс жағалауында израильдік сарбазды пышақпен жаралаған палестиналыққа өзге сарбаздар оқ атқан.
Палестиналықтар мен израильдіктер арасындағы жанжал барысында қаза тапқан адам саны алпысқа таяп қалды.
Кеше Берлинде Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен келіссөздер өткізген соң АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри зорлық-зомбылыққа тоқтау жасалынады деген үміт білдірген. Бүгін Израиль билігі Иерусалимдегі Әл-Ақса мешітіне барушылардың жасына байланысты салынған шектеуді жойғанын мәлімдеді.
Биыл қыркүйек айында мұсылмандар қасиетті санайтын мешітке қырық жасқа жетпеген ер адамдардың келуіне шектеу енгізілген болатын.