Денсаулық

Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшқан Айдын Айымбетовтің адамгершілігін уайымдаған

Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшқан Айдын Айымбетовтің адамгершілігін уайымдаған

pogudx14bdov01qu2g.66248685Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров үшінші ғарышкер ізбасары Айдын Айымбетов туралы пікірімен бөлісті.

Өткен жұма күні еліміздің үшінші ғарышкері, Халық қаһарманы Айдын Айымбетов Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе-қорғаныс күштерінің әскери-әуе ұшқыштарымен кездесіп, Әуе-қорғаныс күштерінің ғарышқа барып келген туын жас ұшқыштарға табыстаған болатын. Сол кездесуге қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровте қатысты. Кездесуден кейін Тоқтар Оңғарбайұлы тілшілерге өзінің ізбасары Айдын Айымбетов туралы пікірімен бөліскен еді.

“Қазақстандықтар өздерін бақытты санайды. Көпшілікпен кездесу мұны жиі байқаймын. Неге десеңіздер, ғарышта ұшқан космановтардың ішінде Қазақстан тоғызыншы орын алады. Кейбір экономикасы дамыған алып елдердің өзі мұндай көрсеткішпен мақтана алмайды. Биыл, міне, Айдын ініміз ғарышқа барып келіп, біздің санымызды көбейтті. Дәрежемізді өсірді”, – дейді Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров.

Сонымен қатар Әубәкіров Айымбетов  үшін қатты қуанғанын және ол үшін уайымдағанын да жасырмады.

“Мынандай тығыз уақытта екінші рет дайындалып, ғарышқа барып келгеніне қатты қуандым. Бірақ мен үлкен кісі болған соң, ішімнен біраз уайымдап жүрген едім. Қайтып келгенде сол адамгершілігі қалады ма? Әлде өзгеріп кетеді ме ? деген уайым болды. Алайда айналайын інім өзгерген жоқ. Мінезі де қалыпты. Батыр болсаң, осындай Айдын сияқты болу керек деп айтқым келеді. Кейбіреулер атақ-дәрежені көтере алмай қалып жатады. Айдын ондайлардың қатарынан емес екен. Өзім қатты разы болдым”, – дейді Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров.