Денсаулық

Таразда өзін-өзі өртеу актісін бейнетаспаға түсіргендер ұсталды

Таразда өзін-өзі өртеу актісін бейнетаспаға түсіргендер ұсталды

12Полицейлер Таразда Ерлан Бектібаевтың өзін-өзі өртеу актісін бейнетаспаға түсірген бір топ адамды ұстады.

Бұл туралы Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Today.kzхабарлайды.

“Өзін-өзі өртеу актісін бейнетаспаға түсіргендер ұсталды”, – деп хабарлады өңірдің ІІД баспасөз қызметі.

Естеріңізге салайық, 24 қазан күні Тараздың орталық алаңында 20 жастағы Ерлан Бектібаев өзін-өзі өртеу актісін жасаған болатын. Мұның алдында жас жігіт осы оқиғаға оған есірткі салып жіберген-мыс полицейлерді кінәлап, бейнеүндеу жазған.

Кейін Бектібаев ауыр жарақаттан ауруханада қайтыс болды. Осы факті бойынша “Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу” және “Билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану” баптарымен соталды тергеу басталды. Тергеу Бас прокуратураның бақылауына алынды.

Белгілі болғандай, 20 жастағы Бектібаев бұрын денсаулыққа ауыр зиян келтірді және ұрлық жасады деп айыпталған. Алматы облысының Алмалы аудандық соты Бектібаевты төрт жыл бас бостандығын шектеуге үкім шығарған.