Әлеумет

«Ақ жол» - халықтық басылымға айналды

«Ақ жол» - халықтық басылымға айналды

Асылбек Саттаров, ҚР білім беру ісінің үздігі.

Облысымыздағы жаңалық-тың жаршысы болып келе жатқан «Ақ жол» газеті халыққа ең жақын басылым. Мазмұн, тақырып және безендірілуі оқырман сұранысына сай деп білемін. «Пырақ», «Маздақ», «Шөкеңнің шошаласы», «Оқырман отауы», «Тылсым дүние» және «Айша бибі» беттеріндегі дүниелерді сүйсініп оқимын. «Алаш-Арена» айдары да кейінгі кезде Алаш спортының тарихымен толығып, түрленді. Ағымдағы жыл Ұлы Отан соғысының – 70, Қазақстан халқы Ассамблеясының – 20, Конституцияның – 20 және Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойларымен тұспа-тұс келді. Облыс баспасөзінің қара шаңырағына айналған «Ақ жол» газеті осы мейрейтойларды жан-жақты жазып, көрсетті. Сұрапыл соғыста қан кешкен көптеген батырлардың есімдерімен, ерлік істерімен таныстық. Ұлттар арасындағы достықты насихаттауда түрлі этномәдени бірлестіктердің тынысынан хабардар болдық. Әсіресе, Қазақ хандығының 550 жылдық тойы қарсаңында газет ұжымы аянбай тер төккенін оқырмандар жақсы біледі. Тотыдай таранған Тараз қаласында дүбірлі тойға дайындық жұмыстарын журналистердің қуатты қаламының арқасында үзбей оқи алдық. Ендеше, сүйікті газетіміздің таралымының арта түсуі үшін «Ақ жол» газетіне жазылайық, ағайын!