Саясат

Мәңгілік ел – мәртебелі мұрат

Мәңгілік ел – мәртебелі мұрат

Дарья Бурмакина, облыс әкімдігі Қоғамдық келісім коммуналдық мемлекеттік мекемесінің көпшілік іс-шаралар, тілдерді дамыту және этностар мәдениеті бөлімінің әдіскері.

2015 жыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланғаны белгілі. Осымен байланысты өткізілген биылғы патриоттар форумының тәрбиелік мәні, тағылымы зор болды деген ойдамын. Олай болатыны, кейінгі жас буын ел патриоттарына қарап бой түзейді. Бұл форумның тақырыбы – «Мәңгілік Ел – болашағы біртұтас ел». Неге біз өзімізді біртұтас ел дейміз? Өйткені, біздің тағдырымыз бір, тарихымыз бір, демек, болашағымыз да бір болуы керек. Сондықтан, осы ұлы идеяны дәріптеп, насихаттау үшін осындай сипаттағы іс-шаралар барлық жас патриоттарды бір ұстаным аясына ұйыстыра түседі. Биылғы жыл көптеген атаулы даталарға толы болды. Оның бірегейі – Қазақ хандығының 550 жылдығы. Республикалық патриоттар форумы да сондай – патриоттық, яғни ұлтжандылық сезімді қалыптастыратын бірден-бір шараға айналды. Жалпы, ұлтжандылық рухтың жандануы үшін тек отбасы ғана емес, мемлекет те зор жауапкершілікте болуы тиіс. Сондай-ақ, патриоттар форумының тағы бір үлкен тақырыбы – ол «Ұлы ел – үлкен отбасы» деп аталды. Бұл да Қазақстан халқы Ассамблеясының жобасы. Елбасы ұсынған «100 нақты қадамда» осындай жобаны іске асыру керектігі баса айтылғаны белгілі. Бұл жобаның негізгі мақсаты – Қазақстан халқын біртұтас ел ретінде қалыптастыру. Ал ол идеяны жүзеге асыру үшін еліміздегі азаматтар бір-бірімен етене араласып, бір-бірін тани түсуі керек. Қазақстандықтардың Ұлы Дала еліне деген ерекше сүйіспеншілігін паш еткен аса ауқымды шара ел халқының осы ұлы идея айналасына топтаса бастағанын айқын аңғартты. Ал Елбасы форумға қатысушыларға арнаған құттықтауында: «Бүгінгі форум ерекше. Ол Конституциямыз бен Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл толған мерейлі жылда өтеді. Бұл халқымыздың бірлігі мен келісімінің бірегей дәстүріне, туған жер мен елге деген ерекше сүйіспеншіліктің арқасында орын алған тілектері. Форум қазақстандықтарды «Мәңгілік Ел» идеясына ұйыстыруға және қоғамның тұрақтылығы мен бірлігін нығайтуға қызмет ететіндігіне сенемін», – деп атап өтті. Бұл форум баршамызды ортақ игілікті үстеуге жұмылдыра түсті. «Мәңгілік Ел» идеясы айналасына топтасқан біздер өткен тарихымызға да назар аудара бастадық. Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуын атап өтіп жатқанымыз да сондықтан. Қытайлық бір пәлсапада «Сен отаныңды әрқашан сүйе білуің керек!» деп айтылған екен. Олай болса, менің Отаным Қазақстан дегім келеді. Барлық қазақстандықтар бір халық екендігін назардан тыс қалдырмаған жөн. Мемлекеттік тілді жетік білу де патриотизмнің бір көрінісі. Ал жалпы қазақ халқының айналасына топтасқан өзге де этностар болып баршамыз шаңырағымыздың биік, керегеміздің кең болуына белсенді үлес қосуымыз керек. Мемлекет басшысы бастаған жасампаз істердің әрдайым қасынан табыла білу, кез-келген бастаманы іліп әкетіп, мақсатына жеткізу жолында жалықпай еңбек ету – мына біздер – жастардың міндеті.