Жаңалықтар

«Куляш» емес, Күләш!

«Куляш» емес, Күләш!

Тараз қала­сындағы Саңырық батыр ескерт­кіші алдындағы тұғыр тасқа ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Күләш Ахметованың батырға арнаған бес шумақ өлеңі жазылыпты. Сол өлеңнің аяғында авторы «Куляш Ахметова» деп көрсетіліп тұр. Ақынның есімі «Куляш» емес, «Күләш» қой! Елге сыйлы, аяулы ақынның есімін неге бұрмалаймыз?! Тараз қаласы әкімдігі, облыстық тілдерді дамыту басқармасы мұндай олқылыққа неге бейжай қарап отыр?