Спорт және туризм

Чемпион риза болған хат

Чемпион риза болған хат

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кәсіпқой бокста ел намысын абыроймен қорғап жүрген Геннадий Головкинді құттықтаған хаты да ғибрат. Канадалық боксшы Давид Лемьені сегізінше раундта техникалық нокаутпен жеңген жерлесіміздің жетістігін айтқан Нұрсұлтан Әбішұлы Геннадий Головкиннің айтулы жетістіктері ел боксының дамуы жолында үлкен бағдаршам болатынын атап өткен. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы қазақстандық боксшыға зор денсаулық, спорттық мансабында үлкен жетістіктерге жетуіне шын жүректен тілектестігін білдірген. Хатты қолына алып, тебірене оқып шыққан Гена да еліне, Елбасына, қазақ халқына деген ризашылығын білдіріп, сенімдерін алдағы уақыттарда да ақтайтынын айтты.