Марс тұрғыны болу үшін 706 адам таласуда
Марс тұрғыны болу үшін 706 адам таласуда
Марсты отарлау Mars One бағдарламасы бойынша біржақты билетке 706 адам таласуда.
Марсқа аттанатын алғашқы алты топ, әрқайсысында төрт-төрттен 2015 жылы құрылып болуы тиіс. Алдымен 2016-2020 жылдары Марсқа тұрғылықты және қызметтік модульдер тұрғызатын роботтар жіберілмек. Ал, адамдар 2022 жылы ұшырылып, 2023 жылы жетеді деп болжануда. Сол жақта біржола қалмақ ниетпен ұшатындар 7 айға жуық жол жүрмек. Алғашқы төрттікке 2 ер адам мен 2 әйел адам кіреді. Mars One компаниясының бас директоры Бас Лансдорптың айтуынша, бұл ғаламшардағы ресми тіл ағылшын тілі болмақ. Mars One жобасы 2011 жылы басталды. Жобаның мақсаты – Марста адамдар мекенін құру және ондағы тіршіліктің жайын жерге тікелей эфирден тарату.
Интернет материалдары негізінде әзірленді.