Денсаулық

Астанада Шәмші Қалдаяқовтың 85 жылдық мерейтойына орай халықаралық ән фестивалі өтеді

Астанада Шәмші Қалдаяқовтың 85 жылдық мерейтойына орай халықаралық ән фестивалі өтеді

20141020212826.jpg25-27 қазан күндері Астана қаласында Шәмші Қалдаяқовтың 85 жылдық мерейтойына орай «Менің Қазақстаным» халықаралық ән фестивалі өтеді.

Фестиваль ән өнерін дамыту, қазақ вальсінің патшасы Шәмші Қалдаяқов әндерін халық арасында орындайтын дарынды жастарға қолдау көрсету және қазақстандық эстрада шеберлерінің өнерін халыққа ұсыну мақсатымен өткізіледі, деп хабарлайды ҚР мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.

Аталмыш фестиваль 2 кезеңнен тұрады. Барлық кезеңдер халық алдында өткізіліп, фестиваль қатысушылары Шәмші Қалдаяқовтың репертуарынан 4 ән орындайды. Фестивальдің бас жүлдесіне 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық қарастырылған.

Шараға Қазақстан сахнасының шеберлері ҚР халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов, ҚР еңбек сіңірген әртістері Майра Ілиясова, Майра Мұхамедқызы, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Хадиша Шалабаева, Азамат Жылтыркөзов, халықаралық конкурстардың лауреаттары Маржан Арапбаева, Оралхан Алтынбеков, Бауыржан Исаев, Салтанат Байжұманова, Алмас Кішкенбаев және Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным-2014» атты халықаралық ән фестивалінің бас жүлдегері Қанатбек Айбек қатысады.

Фестиваль бағдарламасы

2015 жылғы 25 қазан

  Қазақ Ұлттық өнер университетінің «Шабыт» концерт залы

11:00 - Фестивальдің ашылу салтанаты

14:00-20:00 - Фестивальдің I кезеңі

  

2015 жылғы 26 қазан

Қазақ Ұлттық өнер университетінің «Шабыт» концерт залы

10:00-20:00 - Фестивальдің II кезеңі

  

2015 жылғы 27 қазан

«Бейбітшілік және келісім сарайы»

19:00 - Лауреаттардың марапаттау рәсімі және Гала-концерт