Мемлекеттік қызметкерлерге атқарған жұмысының тиімділігіне қарай еңбекақы төленеді
Мемлекеттік қызметкерлерге атқарған жұмысының тиімділігіне қарай еңбекақы төленеді
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысы олардың атқарған жұмысының тиімділігі мен нәтижелілігіне қарай белгіленеді деп мәлімдеді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Саян Ахметжанов ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында.
«Еңбекті бағалаудың жаңа әдісі енгізілді, жұмыстың нәтижесі мен өнімділігінен мақсатты көрсеткіштер белгілі болады. Келешекте елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы бойынша еңбекақыны төлеу осы жүйеден шығып есептеледі. Барынша тиімді жұмыс істеген мемлекеттік қызметкер қосымша бонустарға ие болады», – деді Ахметжанов.
Естеріңізге салсақ, Қазақстан парламенті сенаты кеңейтілген отырыста «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заң жобасын қабылдаған болатын.
Заң жобасы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көрсетілген мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруге және оның дербестігіне бағытталған шараларды іске асыру мақсатында әзірленген.