Денсаулық

Қазақстанда тұңғыш рет түрлендірілген битум өндіріле бастады

Қазақстанда тұңғыш рет түрлендірілген битум өндіріле бастады

20150901120051Қазақстанда тұңғыш рет түрлендірілген битум өндірісі басталды. Ол асфальт бетоны жабындысының ауа райы қысымына төзімді болып, автокөлік қозғалысы кезінде деформациялық тозуын шектеп, эластикалық жұмсақтық береді де сол арқылы сапалық деңгейін едәуір арттырады.

«ҚМГ-ӨМ» АҚ Қоғаммен байланыс қызметінің хабарлауынша, «CASPI BITUM» БК» ЖШС Ақтау битум зауытындағы тұңғыш тәжірибелік өнеркәсіптік мақсаттағы қондырғы іске қосылды. Оның жылдық өндірістік қуаты 120 мың тонна түрлендірілген битум шығаруға жетеді. Бұл өнім қазіргі таңда республикалық маңызы зор «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автокөлік магистралі құрылысы нысандарына таптырмайтын тауар түрі.

Түрлендірілген битумды жолға төселетін мұнай битумы құрамына полимер SBS (түрлендіргіші) қосылады. Полимердің битумға қосылысы нәтижесінде, жол жабындысының ауа райы қысымына төзімділігі 100°С-қа дейін барады. Бұл қазіргі пайдаланымдағы жолға қарағанда әлдеқайда тозығы жетуі үдерісін шектейді.

Ақтау битумының сапасы Қазақстанның жаңа автокөлік жолдарындағы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына жүзеге асыруда оның ұзақ мерзімге жарамдылығы мен құрылыс жұмысының сенімділігіне кепілдік етеді.

Қазақстанның құрлық аралық көліктік логистикалық хаб ретінде қалыптасуына, ҚР аумағы арқылы жүк автокөліктері ағынының артуына, «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-нан басталған жүк ағынының Ақтау теңіз портына мериадандық шекаралық дәлізбен жетуіне зор мүмкіндік ашады. Қазақстанның халықаралық автокөлік магистралі жол жабындысының сапалық деңгейін едәуір көтеріп қана қоймай, оның өткізу мүмкіндігін де тасқындатып, жол жөндеу аралықтарын ұзартып, жолға қызмет көрсету түрлерінің оңтайландырылуына әкеледі.

Түрлендірілген битум Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен басталған Қазақстанның табиғи ауа райының қаталдығына байланысты автокөлік жолдарының сапасын көтерудегі тың қадам болып отыр.

Тұңғыш түрлендірілген битумның алғашқы партиясын шығару салтанатына «ҚазМұнай Газ-өңдеу және маркетинг» АҚ мен Маңғыстау облысы әкімдігінің басшылары қатысып, жаңа өнімді өндіріске енгізгенде, автокөлік саласына үлкен экономикалық үнемділік әкелетіндігін атап өтті. Яғни, жол жабындысының пайдаланылу мерзімі 1,5-2 есеге ұзарады.

Түрлендірілген битум мұнай өңдеу саласындағы жаңа өнімдердің қатарынан төртінші орын алады. «ҚМГ-ӨМ» АҚ кәсіпорындары бұған дейін биылғы жыл басынан бері Атырау МӨЗ-нан риформат, бензол және параксилол өнімдерін шығарған болатын.

Ақтау битум өндірісі зауыты Қазақстанның автокөлік саласындағы сұранысын қанағаттандыру мақсатында жол жабындысын отандық жоғары сапалы материалдан жасау үшін 2013 жылы желтоқсанда ҮИИД МБ аясында іске қосылған болатын.

Өндірісті шикізатпен қамтуға Қаражанбас кен орны мұнай қалдығы қолданылады. Түрлендірілген битум сапасы ҚР Ұлттық сапа стандарты талаптарына сәйкес келеді.

«CASPI BITUM» зауыты - «КМГ-ӨМ» АӨ» АҚ мен «СИТИК Қазақстан» ЖШС бірлескен кәсіпорны, тең дәрежеде (50%/50% үлестік негізде ) құрылған.