Денсаулық

Түркістандағы тойда оқ жаудырған қазақ жігіттері көпшілікті шошытты

Түркістандағы тойда оқ жаудырған қазақ жігіттері көпшілікті шошытты

Соңғы кездері оқ атумен тойдың сәнін келтіруді абырой санайтындар көбейіп кеткен. Мұның қауіпті екеніне қарамастан, той қонақтарының оқ жаудырған тағы бір видеосы желіде пайда болды.

Шамамен Түркістанда болған бұл жағдайдың видеосын Еркінбек Серікбай есімдіFacebook пайдаланушысы өз парақшасына жүктеген.

Онда жас жігіттердің қаруды аспанға бағыттап, оқ жаудырғанын көруге болады. Айналада адам толып жүргені қаруланған той қонақтарын тоқтата қоймаған.

Видеоны көргендердің дені жастардың бұл әрекеттері ақылға қонымсыз екенін жазуда.

“Сайрамда осындай жағдайдан (той қарсаңында) жуырда ғана от шығып, бірнеше адам қайтыс болып еді, мыналар соны біле ме екен?”, – деп таңданысын жазған видеоны көргендердің бірі.

Еске салсақ жақында Оңтүстік Қазақстан облысы Манкент қаласында той қонағының салтанатты кеш үстінде жаудырған оғынан  2 адам қайтыс болған еді.

Оқ жас жұбайлар мінген көліктен атылған. Күйеу жігіттің досы суық қарумен аспанға оқ атып, жұрттың назарын өздеріне аудармақ болған.

Кортедж тоқтаған кезде 19 жастағы жігіт абайсызда мылтықтың шүріппесін басып жіберген. Қаңғыған оқ көлік жүргізушісі мен оларды күтіп алушы 23 және 26 жастағы әйел мен екі бүлдіршінге тиген.

Салдарынан ауыр оқ жарақатын алған келіншектің бірі сол жерде жан тәсілім еткен. Көп қан жоғалтқан екінші келіншек операция үстінде қайтыс болды.