Журналистердің Еңбегі еленді
Журналистердің Еңбегі еленді
облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына атсалысқан «ақ жол» газетінің ұжымын алғыс хатпен марапаттады
Баспасөз – жақсылықтың жаршысы, десек, бұл орайда облыстық «Ақ жол» газетінің орны бөлек. Елбасымыздың бастамасымен өңірімізде жоғары деңгейде өткізілген Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын насихаттауға облыс баспасөзінің қара шаңырағы елеулі үлес қосты. Ең алғаш «сүйіншісімен» халыққа жар салған да осы газет. Айлар бойы бес жарым ғасырлық мерейтойға орай қайта түрленген Тараз қаласының келбетін тұрақты түрде көрсетуді редакция үнемі назарда ұстады. Еңбек еленді. Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев облыстық «Ақ жол» газеті редакциясының ұжымын Алғыс хатпен марапаттады. «Ел тарихындағы елеулі әрі маңызы зор оқиға – Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын Тараз қаласында жоғары деңгейде атап өтуге белсенді атсалысып, қолдау көрсеткені үшін облыстық «Ақ жол» газетінің ұжымына алғыс білдіремін» делінген онда. «Ақ жол» журналистері ұжымға берілген Алғыс хат үшін облыс басшысына ризашылығын білдірді. Шығармашылық ұжымның алдағы уақытта да өңірдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-әдеби, спорттағы жетістіктерін жан-жақты қамтып көрсете беретіні анық. Облыс әкімінің алғысы, әсіресе, газеттің жас журналистеріне ерекше серпін берді.
«Ақ жол – Ақпарат».