Денсаулық

Оралда бас маман 20 мың теңге пара алып, 1 млн. теңге айыппұл «арқалады»

Оралда бас маман 20 мың теңге пара алып, 1 млн. теңге айыппұл «арқалады»

20140208085541Орал қалалық сотының 20 қазандағы үкімімен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті БҚО бойынша департаменті №1 медициналық-әлеуметтік сараптау бөлімінің бас маманы Г.Қадыралиева ҚР ҚК 366-бабы 1-бөліміне сәйкес айыпты деп танылып, оған мүлкін тәркілеумен бірге параның елу еселенген сомасы мөлшерінде 1 млн. теңге айыппұл салынды.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ол сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару және мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сот талқысында белгілі болғанындай, Г.Қадыралиева үшінші топтағы мүгедектікті белгілеу үшін Т. деген азаматтан 20 мың теңге көлемінде пара алған.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.