Сочи зообағында дүниеге келген жолбарыс күшіктерін ит емізіп жатыр
Сочи зообағында дүниеге келген жолбарыс күшіктерін ит емізіп жатыр
Сочидегі "Октябрьский" санаторийінің хайуанаттар бағында үш мәулен дүниеге келді, деп хабарлады "Интерфакс".
"Жаңа туған жануарлардың салмағы 1200-1300 грамм. Бұлар - Батыр есімді жолбарыс және Багира есімді өлекшіннің күшіктері", - деді баспасөз қызметінде.
Әзірге жаңа туған мәулендерді Изи есімді ит асырап жатыр. Өйткені өлекшін абайсыздан басып кетуі мүмкін. Изи бұған қоса өзінің төрт күшігін де емізуде. Алайда мәулендерді де жатырқамай қабылдады, деп атап өтті зообақта.