Денсаулық

Нұрсұлтан Назарбаевтың киімдері қай жерде тігіледі

Нұрсұлтан Назарбаевтың киімдері қай жерде тігіледі

photo_21684Алматылық "Қазлегпром-Алматы" ЖШС кәсіпорны Мемлекет басшысының тағы бір тапсырысын орындады, - деп хабарлайдыTengrinewsTV.

Кәсіпорын екі жаңа костюм, бес жейде мен екі аяқ киімді Астанаға жолдады. Өндірушілердің айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған киімдердің барлығы Президенттің анатомиялық өзгешелігі есебінен жеке тапсырыс бойынша тігіледі. Пенжектер мен шалбарлар үшін ең сапалы маталар таңдалып, арнайы сызбаүлгісі жасалады. Өндірушілер ресми кездесулерге арналған бір костюмді тігуге 1000 долларға жуық қаржы кететінін мойындады. Нұрсұлтан Назарбаев киетін классикалық үлгідегі, 42-өлшемдегі аяқ киімдер де осы жерде тігіледі.

Айта кетейік, аяқ киімдер қолмен тігіледі. Бірінші үлгі "Оксфорд" стилінде тігілді - бұл бәтеңкелер бауының байлануының жабықтығымен ерекшеленеді. Екінші үлгі - ''Лоферы", баусыз аяқ киім. Оны ресми деп атауға аса келмесе де, іскерлік костюмдермен жақсы үйлеседі. Модельердің айтуынша, Президентке арналған аяқ киімдер барынша ыңғайлы әрі жеңіл етіп жасалады, табаны жұмсақ және иілгіш болады. Мемлекет басшысына арналған Made in Kazakhstan жаңа гардеробын жасауға бірнеше күн ғана кетіпті.