Денсаулық

Келімбетов: Долларына 277 теңге Қазақстан экономикасы үшін ең қажетті курс

Келімбетов: Долларына 277 теңге Қазақстан экономикасы үшін ең қажетті курс

56Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов доллардың 277 теңге деңгейіндегі бағамын тепе-теңді деп санайды.

Инфляциялық таргеттеу режиміне негізделген жаңа ақша-несие саясатының іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банк 2015 жылғы 20 тамыздан бастап валюталық дәлізді алып тастап, еркін өзгермелі айырбас бағамына көшу туралы шешім қабылдады.

16 қыркүйектен бастап бір доллар үшін 300 теңге бойынша мәмілелер тіркелгеннен кейін, Ұлттық Банк бір миллиард АҚШ долларынан астам қаражатқа Қазақстан қор биржасында бірқатар валюталық интервенциялар өткізді.

“Біз бүгін таңертең болған 277 теңге шамасындағы бағамды қазақстандық экономикаға тиімді тепе-теңді бағам деп санаймыз”, — деді Келімбетов мәжілістің жалпы отырысы  аясында журналистерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, Қазақстан экономикасы жаңа бағамға инфляциялық таргеттеуге көшкеннен соң бейімделеді.