Аяқ-қолсыз туған америкалық бала бейсбол ойнай алатын болды
Аяқ-қолсыз туған америкалық бала бейсбол ойнай алатын болды
Атланта (Джорджия штаты) штатының тұрғыны Мей Диверс туралы өткен жазда бірқатар басылымдар жарыса жазған болатын.
Өйткені ол аяқ-қолының жоқтығына қарамастан бейсбол ойнауды үйренген. Енді Мей Диверс спорттық тұрғыда дамуын қолдың жаңа протезімен жалғастырып жатыр.
Трейси мен Шеннон Диверс баланы кішкентай кезінде асырап алған. Жуырда ол Children's Healthcare of Atlanta ұйымы оған арнап жасаған қол протезіне ие болды. Бұл оның бейсболдағы көрсеткіштерін едәуір жақсартты.
Қолға арналған жаңа протезде лакросс ойынына арналған доп таяғы мен допты қағып алу мен лақтыруға арналған тор бар.