Денсаулық

Қызылорда облысында жасы сексенге жақындаған әжей ислам дінін қабылдады

Қызылорда облысында жасы сексенге жақындаған әжей ислам дінін қабылдады

pogudx3l849cnnk1a.8e6cc8f3Қызылорда облысында жасы сексенге келген Маргарита Ивановна ислам дінін қабылдады.

Қызылорда облысы Ұзынкөл ауданының тұрғыны Маргарита Ивановна «Балықты» мешітіне келіп, тілін кәлимаға келтіріп, ислам дінін қабылдады.

Орыс әжей бұдан былай өзін Әсел Иванқызымын деп атайтын болды. Ол осы кезеңге дейін ислам діні адамзатты тек қана ізгілікке, бауырмалдыққа, жақсылыққа үндейтіндігін ұғынғанын айтады.

Сексенге аяқ басқан әжей өз өлкесінде де сыйлы кісі. Ауданның бас имамы Есенгелді қажы қадірі асқан қарияға құрмет көрсетіп, қазақ салтына сай иығына қамзол жауып, орамал сыйға тартты.