«Ауыл» қайта тіркелді
«Ауыл» қайта тіркелді
– Бүгінгі таңда елдің экономикалық дамуының локомотиві ауыл шаруашылығы болуы ықтимал. Бұл – ауыл тұрғындарының әділетті еңбек ақысы, ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің өніміне әділетті баға және ауылға деген әділетті әлеуметтік саясат деген сөз, – деп сөзін жалғастырды Ә. Бектаев. «Ауыл» партиясының мақсаты – мемлекетімізді жаңа формацияға көтеру, мемлекеттік басқаруды түбегейлі өзгерту, қоғамдық қатынастарды жетілдіру, ең негізгісі, әлемдік дағдарысқа қарамай, экономикалық өсімді, халқымыздың әлеуетін жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады. Айта кетсек, үстіміздегі жылы 5 қыркүйекте Астанада «Ауыл» социал-демократиялық партиясының кезектен тыс съезі өткен болатын. Қазір партия қайтадан тіркелу үдерісін жүргізуде.
«Ауыл» халықтық-демократиялық, патриоттық партиясының орталық аппараты.