Құқық

Жүктелген міндеттің жүгі ауыр

Жүктелген міндеттің жүгі ауыр

Қазіргі уақытта қала көшелеріндегі көлік құралдарының көбеюі жүргізушілерге көп міндеттер жүктейді. Себебі, көлік жүргізуші тарапынан жіберілген аз ғана салғырттық орны толмас өкініштерге алып келетіні анық. Сондықтан көлік құралдарын басқару кезінде жүргізушілер үшін жол ережесін қатаң сақтау және көлік құралдарының техникалық ахуалдарының алдын алу – басты қағида. Осы тұрғыда 5513 әскери бөлімінің қызметтік міндеттерін мүлтіксіз орындап келу үшін әскери-техникалық құралдарының ақауларының алдын алу, әскери-техникалық көлік құралдар легін алып жүру автомобильдік әскери полиция қызметіне жүктелген. Жүктелген міндеттің жүгі ауыр, себебі көлік құралы артында адам тағдыры тұрғаны анық. Осы мақсатта 5513 әскери бөлімі бойынша әскери полиция бөлімшесі Тараз қалалық ІІБ-нің жол патрульдік полициясы қызметкерлерімен бірлесе 5513 әскери бөлімінің жеке құрамымен «ҚР Жол қозғалысы заңы» аясында профилактикалық әңгімелер өткізіп, бейнетаспалар көрсетіліп тұрады. Сонымен қатар, әскери және жеке көлік құралдарын басқару кезінде жол ережелерін бұзған әскери қызметшілерді анықтау мақсатында әскери автомобильдік полициясы мен Тараз қалалық ІІБ-нің Жол патрульдік полиция қызметкерлері бірлесе қала көшелерінде рейдтер ұйымдастырылып, облыстық ІІД ӘПБ-ның әкімшілік тәжірибе бөлімімен салыстырмалы түрде тексерулер жүргізеді. Салыстыру нәтижесінде 5513 әскери бөлімінің қызметшілері тарапынан жеке көлік құралдарын басқару кезінде жол ережелерін бұзғаны үшін Тараз қалалық ІІБ Жол патрульдік полиция қызметкерлері тарапынан 70 әкімшілік хаттама толтырылғандығы анықталды. Анықталған кемшіліктер бойынша әскери полиция бөлімшесі тарапынан 5513 әскери бөлім командиріне ұсыныстар жолданып, қызметтік тексеру жүргізіліп, жауапты әскери қызметшілер тәртіптік жазаға тартылды. Сонымен қатар, әскери полиция бөлімшесінің тарапынан ұсыныстарына сай 5513 әскери бөлімінің қызметшілерінен әкімшілік айыппұл бойынша бюджет қоржынына 494509 теңге өндіріліп алынды. ҚР ІІМ-нің ағымдағы жылғы бұйрығына сай ҚР ҰҰ-ның әскери техникасына жылдық техникалық байқауын өткізу міндеті әскери автомобильдік полициясының құзырына берілді. Сонымен қатар, ҚР ҰҰ 5513 әскери бөлімінің әскери автомобильдік полиция қызметі әскери көлік құралдарын тіркеу, мемлекеттік нөмірлер мен тіркеу куәліктерін беру жұмыстарымен айналысуда. Жоғарыда көрсетілген жұмыстардың мақсаты көліктегі әкімшілік құқық бұзушылықты болдырмау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу болып табылады. Көлік құралдарын басқару қателікті кешірмейді.

Ерғали Тілеулиев, ҚР ҰҰ 5513 әскери бөлімі бойынша әскери полиция бөлімшесінің офицері, капитан.