Денсаулық

Қазақстанда әскерден қашқан азаматтар 3,5 млн теңге айыппұл төлейді

Қазақстанда әскерден қашқан азаматтар 3,5 млн теңге айыппұл төлейді

1445248891_2Қазақстанда әскерден қашқан азаматтардың 3,5 млн теңге айыппұл төлеуi қарастырылған. Бұл жөнiнде ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде ҚР Қарулы Күштері қатарына жедел әскери қызметке күзгі шақырудың барысы жөнiнде өткен баспасөз мәслихатында Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы Талғат Амангелдиев мәлiмдедi,-деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi. «Команданы жасақтау алдында бiз әскерилердi мiндеттi түрде есiрткi заттарына тестiлеуден өткiземiз. Тестiлеу жүргiзiлгеннен кейiн ғана ол командаға қосылады. Ал бүгiнгi күнге дейiн есiрткiге тәуелдi азаматтарды бiз тест арқылы анықтап, олардың тiзiмiн нарколог-дәрiгерге тапсырамыз», – дейдi Т.Амангелдиев. Брифингте мәлiм болғандай, биылғы жылдың 1 қазанынан бастап бас штабта жедел желi iске қосылған. Жедел желiге телефон шалу арқылы кез-келген азамат әскери борышын өтеуге қатысты өзiне қызықты мәлiметтерге жауап ала алады. «Өткен жылы қабылданған Қылмыстық кодекстiң 387-бабы бойынша заңды себептерсiз әскери қызметтен жалтарғаны үшiн, соның iшiнде өз денсаулығына қасақана зиян келтiру немесе құжаттарды бұрмалау бойынша әскери борышын өтеуден бас тартса, онда бұл әрекетi үшiн 1 мың АЕК көлемiнде айыппұл қарастырылған. Бұл шамамен 3,5 млн теңге», – деген ол азаматтардың әскерден жалтармауы үшiн олардың өздерiмен, ата-аналармен тұрақты түрде түсiндiру жұмыстары жүргiзiлетiнiн айтты.