Жас әрі табысты қазақ жігіттері
Жас әрі табысты қазақ жігіттері
Қазақстанның кәсіпкерлік әлемінде жасы 30-ға жетпей өз орнын сайлап үлгерген жас азаматтарды не байланыстырады? Олардың дені ақпараттық технологияларды, интернетті, әлеуметтік желілерді өз бизнесін өркендету үшін ұтымды пайдалана алған. Жақын арада Forbes тізіміне кіруі әбден мүмкін қазақ азаматтары елімізде баршылық. Арман Сүлейменов, 28 жаста Ақпараттық технология саласында қызмет ететін ең танымал жігіттердің бірі. Принстондық университеттің магистр дәрежесін алған. Кремний алқабы стартабында тәжірибе жинақтаған. TheSummerStartupSchool.com мектебінің негізін қалаушы. Бірнеше сәтті стартап дәрістерін ұсынған. Асхат Мырзабаев, 25 жаста Сүлеймен Демирель атындағы университетті бітірген. Twitter (АҚШ) компаниясының инженері әрі product-менеджері қызметін, Chocomart.kz-те директор қызметін атқарған. Barclays (Ұлыбритания) банк тобымен бірге жобада 2 миллион доллар тауып, оны қатерлі ісікпен күрес зерттеулеріне аударды. HiPO.kz рекрутингтік қызметінің негізін қалаушы. Абылай Юсупов, 22 жаста Халықаралық бизнес академиясының түлегі. Queex vine-жобасының, дарындыларға арналған Cov.art музыкалық алаңының басшысы. Top Generation Group тіл үйрету мектебінің PR-менеджері. Upgrade Business School кәсіпкерлік мектебінің негізін қалаушы. Абылай – өз табыстарын (Queex-те бір жыл ішінде 20 миллион теңге) парақшасында жиі жариялап тұратын Instagram-ның белсенді қолданушысы. Өз оқырмандарына пайдалы кеңестерін ұсынып отырады. Асхат Абжанов, 27 жаста Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың түлегі. Мобильді қосымшалар мен сайттарды құрастыратын WAKE UP technology компаниясының негізін қалаушы әрі директоры. ҚазҰУ-дың бизнес-инкубаторының басшысы, «Қазақстанның жаңа ұрпағы» лидерлік мектебінің негізін қалаушы. Қазақстанның жас кәсіпкерлері қауымдастығының басқарушы директоры. Оратор және бизнес-жаттықтырушы. Асқар Аманбаев, 27 жаста КИМЭП түлегі. Бастапқыда «Школа вдохновения» атты гитарада ойнау мектебін ашқан. Кейінірек музыкалық топтардың продюсері атанып, Music Show ивент-агенттігін ашты. Көп ұзамай «Хобби және ақша» атты дәрістер жүргізуді қолға алды. Ғани Абадан, 30 жаста Мәскеулік авиация институтының түлегі. Abadan Consulting компаниясының, 4Room жылжымайтын мүлік агенттігінің, ИКЕА жиһаздарын Қазақстанға жеткізетін www.iget.kz компаниясының негізін қалаушы. Бизнес-кеңесші, жақын арада «Махаббатпен жасалған бизнес» кітабын жарыққа шығармақ. Рауан Маеміров, 28 жаста Сүлеймен Демирель атындағы университеттің және ҚБТУ-дің түлегі. Қазақстанда алғаш болып Yvision.kz блог-тұғырнамасы мен kiwi.kz видео-қызметінің негізін қалағандардың бірі.