Жамбылда не жаңалық?

Меркі

Меркі

Т. Рысқұлов ауылдық округінде шаруа қожалықтары жерасты суын пайдалануды қолға алды. «Трансфер» шаруа қожалығы (төрағасы В.Бондаренко) биыл 45 метр тереңдіктен 2 құдық қазып, егістігін сумен қамтамасыз етті. Қазір қожалық қосымша 2 құдық үшін ұңғыма жұмыстарымен айналысуда. «Қарт жұрт» ШҚ-ы (төрағасы Т.Халкечев) 6 гектар қызылшаның әр гектарынан 600 центнерден өнім алуда. Бұл қожалықта 2 құдық қазуды қолға алды.