Жамбылда не жаңалық?

Қордай

Қордай

Қазақ Егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Үшқоңыр» білім тарату қорының ұйымдастыруымен етті мал өсіруді дамыту және егіншілікте тұқым шаруашылығын жолға қою тақырыбында екі күндік семинар өтті. Аудан аграршылары қатысқан жиында сонау Австралиядан келген мейман, етті мал шаруашылығы бойынша ірі маман саналатын сарапшы Мак Джон Малколм өндірілген еттің жетпіс пайызына дейін экспортқа шығаратын өз елінің бай тәжірибелерімен бөлісті.