Синоптиктер алдағы қысқа болжам жасады
Синоптиктер алдағы қысқа болжам жасады
Синоптиктер алдағы қысқа болжам жасады, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі.
Алдағы қыс, синоптиктердің болжамына қарағанда, өткен жылдың қысымен салыстырғанда көпжылдық климаттық көрсеткіштерге жақын болады, бірақ қаңтар айы нормадан 1-2 градусқа суық болады екен.
"Алдағы желтоқсан айы температуралық режим бойынша климаттық норма шамасында болады және елдің басым бөлігінде қар аз жауады. Айтарлықтай аяз бірінші декаданың аяғында және Жаңа жыл қарсаңында болады деп күтіліп отыр, себебі Батыс Сібір және Таймыр түбегінің аймағынан ультраполяр келеді. Ауа температурасы төмендейді: солтүстік пен орталықта 28 градус аязға, ал шығыста 36 градусқа дейін аяз", - деді "Қазгидромет" РМК директоры Баян Сазанова.
Сазанованың айтуынша, келесі жылдың қаңтарында Таймыр аудандарынан келетін суық ауа массаларынан ай суық болады - 1-2 градусқа нормадан суық. Бірінші декадада, екінші декаданың ортасында және үшінші декадада аяз қатты болады деп күтіледі: солтүстік бөлікте 45 градусқа дейін аяз болса, оңтүстік бөлікте 30 градусқа дейін аяз.
"Ең жылылау ай - ақпан: циклондардың жиі өтуіне байланысты аздаған жауын-шашынға әкеп соғады, бұл арқылы аяздың беті қайтып, Қазақстанның оңтүстік-шығыс бқлігінде ауа температурасы нормадан 1-2 градусқа жоғары болуы мүмкін. Болжамға сәйкес, аяздың екі толқыны күтіліп отыр: бірінші декаданың соңында және үшінші декадада, бұл уақытта ауа температурасы төмендейді: солтүстік бөлікте 30 градус аязға, ал оңтүстік бөлікте 20 градус аязға", - деді Қазгидромет басшысы.
Мұнымен бірге, Қазгидромет өкілдері келесі жылдың көктемінде ауа райының қандай болатынын айтып берді. Наурыз жылы болады екен. Айдың екінші жартысында солтүстікте ауа температурасы 10 градусқа, ал оңтүстікте 15 градус жылы болады.
Қазгидромет өкілдері келесі айдың ауа райына арналған болжамды жария ете отырып, қарашада ауа райының тұрақсыз болатынын айтып берді. Олардың болжамынша, жауын-шашын жиі түсіп, жел күшейеді, тұман түсіп, көк тайғақ болады. "Солтүстікте, шығыста және орталықта қараша айының бірінші декадасында тұрақты қар жамылғысы пайда болады. Қарашаның екінші декадасының аяғында және үшінші декадасында күн айтарлықтай суытады, республиканың солтүстігінде түнде ауа температурасы 20 градус аяз, күндіз 12 градус аяз: оңтүстікте түнде 10 градус аяз, ал күндіз 3 градусқа дейін суық", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК директоры Баян Сазанова.