Қазақстанның экс-премьері Нұрлан Балғымбаев дүниеден өтті
Қазақстанның экс-премьері Нұрлан Балғымбаев дүниеден өтті
Атырауда жасы 68-ге келген Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Нұрлан Балғымбаев көз жұмды деп мәлімдеді марқұмның жақындары.
«Бүгін ол (Нұрлан Балғымбаев – ҚазТАГ) қайтыс болды», – деп мәлімдеді жақындары сәрсенбі күні.
Дереккөздің айтуынша, ол ұзақ уақыт сырқаттанғаннан көз жұмған.
Нұрлан Балғымбаев әр жылдары мұнай және газ өндірісінде министр қызметін, «Қазақойл» мұнай-газ ұлттық компаниясының президенті қызметін атқарған. 1997 жылдан 1999 жылдарға дейін Қазақстан премьер-министрі болды.
Кейінірек «Қазақойл» Ұлттық мұнай-газ компаниясында» және «Қазақстанның мұнай инвестициялық компаниясында» президент қызметін атқарды.
2007 жылдың желтоқсанында президент кеңесшісі қызметіне тағайындалып, 2009 жылға дейін жұмыс істеді. Одан кейін Eni итальяндық мұнай-газ компаниясы ұйымының жобаларын жүзеге асыруда бас директор қызметінде болды.
Айта кетерлігі, өз мансабын Қазақстанның мұнай компанияларынан бастаған Нұрлан Балғымбаев Forbes нұсқасы бойынша, еліміздегі ең қалталы кәсіпкерлер тізіміне енген.
Ол 6 жыл бойы Мәскеудегі Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігінде башсы орынбасары болып, кейін Массачусетс университетінде білім алған. «Шевронда» тәжірибе жинақтап, Мұнай және газ өнеркәсібі министрі қызметінде болған.
Мемлекеттік қызметтен кеткеннен кейін Балғымбаев жеке бизнеспен айналысып, «Қазақстанның мұнай инвестициялық компаниясын» басқарды.