Талас
Талас
Қаратау қаласындағы Орталық саябақты жөндеуге, көркейтуге республикалық бюджеттен 60,2 миллион теңге қаражат бөлінген болатын. Сол қаражатқа «Талас-Таза қала» ЖШС абаттандыру, жөндеу жұмыстарын жүргізді. Кіре беріске сәнді де биік арқалық орнатылып, ішкі жаяу жолдардың бордюрлері жаңартылды. Алаңшаларға балалар ойнайтын түрлі әткеншектер әкелініп, демалушылардың игілігіне ұсынды. Жақында қала халқының қатысуымен аудан әкімі Б.Рысмендиев, аудандық мәслихат хатшысы Ж.Әсемов және ардагерлер Кеңесінің төрағасы Ж.Шәріповтер жаңарған саябақтың алқызыл лентасын қиып, құттықтады.