Әдебиет

Баукең сүйген бұрымдылар

Баукең сүйген бұрымдылар

 src=«Егемен Қазақстан» газетіне «Ер Баукең­нің қызы Елена» атты мақаламыз жарияланған кезде (29 ақпан, 2005 жыл) сізге өтірік, бізге шын, қуанудың орнына, кірбіңдеу қабақ танытқандар да болды. Біреу тіпті: «Еленаның түрі Баукеңе ұқсамайтын сияқты, шешесі сыған дейді ғой» деп те соққан. Сонда жазу-сызуынан басқа жарылқайтын ешкімі жоқ жарым көңіл бізді «Бірі мініп келместің кемесіне, бірі күтіп кемені жағада тұрған» айналайын ақсақалдар жұбатып еді. «Елена қарындасымызды елге шақырайық, «төркіні кедей болмасын» деген ата-баба дәстүрімен төрімізге шығарайық, әкесінің қабіріне де зиярат етсін деген ойың орынды екен. Қызымыз қаражат таппай, қиналып жүрсе, тіпті, зейнетақымыздан берейік» деп еді-ау сонда абзал жүрек ардагер ағалар.

Бұл Жеңістің 60 жылдығының қарсаңы болатын. Көп ұзамай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша облыс басшылығы Кеңес Одағының Батырлары, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы мен генерал-майор Иван Васильевич Панфиловтың құрметіне Волоколамскіден ескерткіш-бюст орнататын болды. Мәскеу облысындағы сол ескерткіш-бюсттің ашылу салтанатына осы тақырыпты жазып жүргендіктен мен де баратын болдым. Қуанышымда шек жоқ. Өйткені Мәскеуде жүрсе де әке атамекенін бір көруді армандап, сағыныштан сарғайып жүрген Баукеңнің қызы Еленамен бір тілдесіп қалғым келген. Облыстан шыққан делегация мүшелеріне Алматыдан Баукеңнің баласы Бақытжан Момышұлы мен сол үйдегі жеңгеміз Зейнеп қосылды. Баукеңнің мұрагерінің жазған-сызғандарын оқығаным болмаса, бірінші рет көруім. Ол кісі де мені танымайды. Жол-жөнекей таныстық. Бірақ Бақытжан көкемнің қас-қабағынан мақаладағы жайтты мақұлдаған ишараны сезе алмадым. Бірақ Мәскеуге барғанша да, қайтқанша да Бақытжанды – көке, Зейнепті – жеңге деген ілтипатымнан өзгергенім жоқ. Кекіреюдің орнына кішіреюім аға-жеңгемнің жүрегін жібітті білем, Алматыға қайтып келгенде көп қабатты үйдегі пәтеріне заттарын көтерісе кірдім. Баукеңнен қалған қылышты көрсеткен Бақытжан көкем «ел ішіндегі әркім-әркімдер мақтаныш үшін «батыр маған ананы сыйлаған, мынаны сыйлаған» деп орынсыз мақтана береді екен, құлақтарына алтын сырға, Баукеңнің нағыз қылышы, міне, қара шаңырағының қабырғасында ілулі тұр» деді. Одан бері де, міне, арада оншақты жыл зу етіп өте шығыпты. Бақытжан аға да, жатқан жері жайлы болсын, батыр әкесінің артынан мәңгілік мекеніне аттанып кетті. Айтпақшы, елден келіп жатқан бауырының хабарын естімеді ме, ескерткіштің ашылу салтанатына Елена қатыспады. Мәскеудегі құрақ ұшқан қазақтардың ішінен ақын қызымыз Тұрсынай Оразбаеваны ғана кездестіріп, Елена туралы жазылған «Егемен Қазақстанның» екі данасын қолына ұстатып, «мүмкіндігіңіз болса біреуін Бауыржанқызына апарып беріңізші» деп өтіндім. Енді міне, Баукең жазып қалдырған тың естеліктерді оқудың сәті түскенде, Елена туралы алғаш рет батыл да байыпты мақала жазғаныма, сол арқылы Баукеңнен қалған ұрпақтардың көп жылдардан кейін тай-құлындай шұрқырасып кездесуіне мысқалдай болса да ықпал жасағаныма шүкір дедім. Қайран Баукеңнің өзі де кезінде өзіне жар болған әйелдер мен олардан сүйген перзенттері туралы алуан түрлі сөз болатынын біліп, сол дау-дамайдың көмейіне өз қолымен құм құю үшін бәрін тәптіштеп, қаз-қалпында жазып қалдырыпты. Ең әуелі, әрине, ер Баукең өзі «жанымның жалғыз қабығы» деп атаған ұлы Бақытжан Момышұлының дүниеге қалай келгені мен оның анасы Бақытжамал туралы сыр шертеді. Оқырманның есінде болса, біз «Ер Баукеңнің қызы Елена» атты мақалада белгілі роман-диалогтағы батыр мен жазушының арасындағы әңгімеден мынандай үзінді келтірген едік. Бүгінгі хикаяға қатысы болғандықтан сол жолдарға қайта бір көз жүгіртіп шыққан артық болмас. «Сонымен... Алматыға келдім. – Шынымен келдің бе? – деп әйелім бетіме ұзақ қарады. Содан кейін қасыма Бақытжанды алып, елге кеттім. Мен тек бәйбішемнен ғана екі перзент көрген кісімін ғой. Шолпан деген қызым ертерек қайтыс болып кетті. Жанымның жалғыз қабығы боп Бақытжан ғана қалған. Ол ер жетіп, қазір жұрт білетін жазушы болғаны өзіңе белгілі. – Алматыға кімге соқтыңыз? – Кімге болушы еді – әйелім Жамал, ұлым Бақытжан бар емес пе? Соларға соқтым...». Роман-диалогта жазушыға осы там-тұм деректен басқа ештеңе айтпаған Баукең алғашқы жары Жамал апай туралы былайша сыр шертіпті. Баукең жазбаларында зиялы қауым мен сыпайы шенеуніктердің құлақтары үшін одағайлау сөздер болса, алдын ала кешірім өтінемін. Өйткені батыр мұрасының «мұртын басып, сақалын түзеуді» әбес деп ұқтым. Олай болса, оқиық. * * * «Тақырып қатын­дарым туралы. Менің шығарған өлеңім бар. Ол: Өзім батыр, жазушы атағым бар, Көп қатын алды деген шатағым бар... 1-қатыным – Бибіжамал Мұқанқызы Момыш келіні, менен 2-ақ жас кіші. Өзі ақ сары, сұлу кісі еді. Байын күте білетін, үйін ұстай білетін, дастарқанды кісі еді. Сол кісіден тұңғыш балам Бақытжан Момышұлы Бауыржанович туды... Ұлы Отан соғысы басталғанда, ол кісінің аяғы ауыр еді. Соғысқа қашан жүрер-жүрмесімізді білмей жүргенде, жүкті қатын Талғарға келді. – Жақында аттана қоймаспыз, сен ауылға барғын, – дедім мен. Ол тілімді алып, 2-3 күннен кейін ауылға аттанды. Өзі сұлу, қарны қампиған, соғыс басталған, ауылдағы ағайын-туыстарым «қарағым, жақсы кепсің», – деп жақсы қарсы алыпты. Күтпеген жерден эшелонға тиеліп, майданға аттандық. Өзім эшелондамын, қатыным ауылда. Қоштасқан жоқпыз... Бурныйдан өтіп бара жатқанда қарадым. Сол күні базар күні екен (воскресенье). Мені өтіп барады деп ойламаған қатынымның сыртынан ғана көрдім. Ей, пәлен-түген деуге уақыт жоқ, поезд зыр етіп өте шықты. «Қайта көремін бе, көрмеймін бе сені?» деп бармағымды тістеп, өтіп кеттім. Сол маған үлкен әсер етті. Содан бара соғысқа кірістік. 5 рет қоршауды бұзып шықтым. Начальник штабым татар жігіті Хаби Рахимов еді. Ол туралы кітабымда жазғанмын. Соған бір күні кешке отырып сырымды айттым. – Хаби, мен әкеден жалғыз едім. Мен соғысқа аттанғанда әйелім буаз қалып еді. Қыз бола ма, ұл бола ма, әйтеуір тұқым ғой. Өзің көріп жүрсің, менен артықтары да, кемдері де өліп жатыр. Соғыста менің бір арманым: осы октябрьдің басында жеңгең босануы керек, соның кім екенін біліп кетсем... – Ақсақал, – деп шошына сөйледі. – Менің де әйелім бар кісімін, бірақ келініңіз буаз емес еді. Сізді Құдай сақтасын, тілегім сол. Жақында ұл ма, қыз ба хабар алармыз, соны күтейік... – Ниетіңе рахмет, қарағым, - дедім мен. Төрт ай өтті. Хабар жоқ. Хат алмаймыз. 5-ші айда Рахимов (старший лейтенант): – Сүйінші, сүйінші, ақсақал! – деп жүгіріп келді алдыма. – Жеңгем ұл туыпты, міне, хат алдым, – деп маған хатын көрсетті. – Рахмет, айналайын! – деп хатты оқыдым. «Баукетай, көптен бері хабар алыспадық қой. Сен неге хат жазбайсың? Аман-есенсің бе, бізге түнде ұйқы, күндіз күлкі жоқ. 3-октябрьде ұл таптым, атын кім қоямыз деп қатты қиналдық, тәтем Бақытжан қойыңдар атын, бір жағы әкесінің аты Бауыржанға ұқсас, 2-ші жағы бақытты болсын деді. Сөйтіп балаңның аты Бақытжан болды. «40 жыл қырғында ажалды өледі» дейтін қазақтың сөзі бар ғой, сен аман қайтсаң, ең үлкен бақытымыз сол. Балаңның көтін иіскеп, жалап жатырмын... ». Ж. Бозжановты шақырып алдым. – Мә, оқы мынаны, – деп хатты ұсындым оған. Ол оқып шықты-дағы, қатты қуанып кетті. – Той істеймін, ақсақал, той істеймін! – деп айқай салды. Мен үн қатқан жоқпын. Кешке таман күтпеген жерден қайдан тапқанын білмеймін, бір қойды сойып, қазақша бесбармақ істеп, 3-4 бөтелке арағы бар, кешкі асқа күллі штабты шақырып алды. Ол кезде менің арақ ішпейтін кезім. Ырым ретінде дәмін татамын-дағыны, рюмканы қоя саламын. Отырған жігіттер рюмкаларын қағып-қағып салады да, бесбармақты жайпап жібереді. Бақытжан Момышұлы туралы бірінші естіген хабарым осы». Баукең Бибіжамалмен 1948 жылы Қиыр Шығысқа аттанарда біржола қоштасады. Бұл қоштасуға күйеу мен әйел, ене мен келін арасындағы шиеленіскен жағдай әсер етсе керек. Мұның бәрін Баукең бірін қалдырмай тәптіштеп жазған. Оларға жеке-жеке тоқталып жатуды артық көрдім. * * * Баукең екінші әйелі туралы былай деп жазыпты. Қаламдас әрі майдандас досы Дмитрий Снегинге «күндердің күнінде мен «жариялауға болмайды» деп таңба басып кеткен дүниелерімді де жарияла деп белгі беремін» деген сөзіне талғажау болар дүниелер қалсын дегендей, өзі туралы гу-гу әңгімелерді ел аузынан еститін, бірақ нақты дерекке зәру оқырман үшін ең қымбат, құпия сырларын ашық айтқанын бір жағы ерлік деп бағалап, қайран қалмасқа шараң жоқ. «Заслуженный деятель искусства Вера Павловна Строеваға үйлендім. Ол кісі менен 7 жас үлкен еді. Өте реңді, сұлу кісі. Мен десе жаны қалмайтұғын. Менің сөзімді пайғамбардың сөзіндей көретін. Жазғандарымның бір сөйлемін қалдырмай оқитын. Ол кісі маған әйел бола білді. Менің әдебиетке енуіме үлкен себепкер сол кісі еді. Ол кісі менің ұстазым. Сол себепті мен «Наша семья» кітабымда «Вере Павловне Строевой, чьи критические замечания и советы помогли мне больше, чем она подозревает» деп эпиграф жаздым». Бұған дейін Баукеңнің «Әскери академияда сабақ бере жүріп, мен жазушы болуды ойлана бастадым. Осы оймен Калинин қаласында жүріп, орыс тілінде «Ұшқан ұя» кітабын жазып шықтым» дегенін оқып ек. Бірақ онысында «Ұшқан ұядан» басқа бәлен-түген деп сыр ашпаған болатын. «Наша семьяның» алғашқы бетіндегі ыстық ықыласпен аталатын Вера атты әйелдің де Баукеңе дос, иә жар болғанынан бейхабар болатынбыз. Тарихыма үңілген талапкерлердің миын ашытпайын деді ме, Баукең бұл сұрақтың да жауабын осылайша жазып қалдырыпты. Баукең өзінің үшінші әйелі Клавдия Григорьевна Коркина («Ер Баукеңнің қызы Елена» деп аталатын мақаладағы Еленаның анасы) екенін мойындаудан да жасқанбайды. «Бір күні Мәскеудегі Чайковскийдің залына бардым. «Выступает студентка института имени Гнесиных, Клавдия Григорьевна Коркина» деп жариялады жетекші. Тал шыбықтай 18-19-дағы бір ботагөз, қара шаш, бұрымы тоқпақтай, сұлу қыз шыға келді. Бизенің Ковальера «Карменнен» оңдыртпай ( Ж. Бизе. «Кармен») «оңдыртпай» жақсы деген мағынада қолданылған – К.С.) соқты. Мен алдал болып, есімнен адаса жаздадым. Концерт біткеннен кейін, іздеп барып таптым. Екеуіміздің көңіліміз жарасып қалды. Бір күн түнеп шыққаннан кейін, есімнен шығып кетті. Московский государственный университеттің алдында келе жатыр едім, Ломоносовтың ескерткішінің алдында тұр екен. Қарсы алдымнан қарны қампиған жас келіншек шыға келді. Шырамытамын, бірақ қайда көргенім есімде жоқ. – Неужели, Вы не узнаете меня? Я ведь забеременела от Вас! Не күлерімді, не жыларымды білместен қатты сасып қалдым. – Саспаңыз, полковник, әкем әлдеқашан өлген кісі еді. Шешем жақында ғана өлді. Мен жалғызбын әзір. Мен цыганкамын. Жалғыз болғым келмейді. Я благодарю Вас, полковник. Я от Вас забеременела, значит я не одинока, – деді. – Я Вас поздравляю, Клавдия Григорьевна, – дедім мен. – Благодарю Вас, полковник, я не думала, что Вы такой добрый человек. – Что, Вы, Клавдия Григорьевна, будет мальчик или девочка – я отец, а вы мать, – дедім мен. – Еще раз благодарю Вас, полковник, – деді ол. – Пойдемте в кафе, выпьем по чашке черного кофе, – дедім мен. – С удовольствием, полковник. Я чувствую себя такой одинокой, благодарю Вас, полковник... 16 сентября 1946 года родилась девочка. Я поехал в родильный дом. Вынес младенца из родильного дома как отец. Привез их домой. До сих пор я их поддерживаю в материальном и моральном отношений. Клавдия Григорьевна окончила институт Гнесина, является главным редактором эстрадных представлении всесоюзного радиокомитета. А Елене Бауыржановне теперь 22 года, учится в драматическом факультете Московского педагогического института». Баукеңнің жарты ғасырдай бұрын жазылған бұл жазбасына Еленаның күні кешегі («Егемен Қазақстан», «Ер Баукеңнің қызы Елена», 2005 жыл, 29 қаңтар) «Тіпті әлі күнге дейін оның мен дүниеге келген кезде түскен суреті өзімде сақтаулы тұр. Қызыңыз дүниеге келді деген қуанышты хабарды ести сала, әкем Большой Никитский деген жердегі перзентханаға жедел келіпті де, жай-жапсарға қаныққан соң көшенің келесі бетіндегі суретханаға барып, арнайы суретке түсіпті. Суреттің артқы жағына «1946 жыл 16 сентябрь. Сағат 14.30.» деп белгі соғыпты. Ал мен содан бір сағат бұрын ғана өмірге келіппін. ...Жасыратыны жоқ, менің бүкіл өмірім Мәскеуде өтті және бүкіл ғұмырымды тікелей орыс мәдениетімен сусындатып келемін. Сондықтан мен алыста жатқан елімді сағындым десем, ол тым жасанды да анайы көрінген болар еді. Ашығын айтайын, қазақ тілінде бір-ақ сөз білемін. Ол – «айналайын». Әкем Бауыржан «айналайын» деп маңдайымнан иіскейтін. Сондықтан да мені барша қазақ халқы мен туған әке рухына деген шынайы құрмет пен айналайын сөзі ғана байланыстырады» деген сөзін қоссақ, Баукең жазбасын толықтыра түсетіні сөзсіз. Осы жерде «Ер Баукеңнің қызы Елена» атты мақала жарияланғаннан кейін бір жыл өткенде ет-бауыры езіліп, әке қабіріне зиярат етуді күні-түні армандап жүрген Еленаны елге шақырып, мәре-сәре болған Баукеңнің ұлы, белгілі жазушы Бақытжан мен келіні (ол кісі де қаламгер) Зейнептің кісіліктерін естіп, қатты қуандым. Орталарында бірге болмағаныма өкіндім. Бір қызығы, мақала шыққанда «өй, анау алай ғой, өй, мынау былай ғой деп» мәселенің кісілік тұрғысындағы тәрбиелік танымын түсінуге ойы да, өресі де жетпей, бүйідей тырсиып жүргендер әлгі қуанышты жалпақ жұртқа қуана жарнамалап жатты. Оған да шүкір. Әйтеуір, адамдар арасындағы адамгершілік сезімі бір аспандады! Қазақтың «басы қатты болса, аяғы тәтті болады» деп жататұғыны осы екен. * * * Мұны енді тал шыбықтай бұратылған бойжеткен кезінен Баукеңді біліп, келіншек кезінде тілек жарастырған Бақытжамал, Ғайникамал туралы хикая десек те жарасады. Олар Баукеңмен тіл табыса отырып, түс шайысты, түс шайыса отырып, тіл табысты. Мұның ар жағында жастар «махаббат» деп маздайтұғын, жасамыстар «жүректің қалауы ғой» деп шүкір дейтін шырындай тәтті бір шіркін тұр. Баукең Бақытжамал мен Ғайникамал туралы ештеңе жасырмапты. Мінездерінің, қылықтарының, жүріс-тұрыстарының, дастарқан басында отырыстарының, ел-жұртпен тіл қатысулары сияқты «мың да бір ұсақ-түйектерден» Бақытжамал мен Ғайникамалдың (әсіресе) бейнесін сомдап шыққандай. Олардың аты-жөндері мен айтқан сөздері жазбалардың әр жерінде кейде шашырап кездессе, кейде бір жерден, бір деммен оқып шығуға болады. Бұл жерде орыс тілі мен қазақ тілін араластырып сөйлеп, араластырып жазатын әдеті әскери тік мінезін айшықтай түсетін Баукеңнің машығына тіпті де ренжудің қажеті жоқ. Неге екенін кім білсін, Бақытжамал мен Ғайникамал туралы көбінекей орысша кетіпті. Қазақ газеті, қазақ оқырмандары үшін жазып отырғанымды түсініп, аударғым келіп тұрды да, бір жерін бүлдіріп аламын ба деп үріктім. «Я, когда был старшим преподавателем военной академии в Калинине, часто приезжал в Москву и останавливался в доме профессора Великановой Изабеллы Ивановны. Однажды я приехал под Новый год в дом Изабеллы Ивановны, туда явились аспирантки иностранного института. Среди них оказалась одна казашка – Бақытжамал Қалыбековна. Я впервые познокомился с ней там. Прошло несколько месяцев. Она позвонила ко мне в Калинина накануне 1-го мая. Я не отказал ей в просьбе встретить 1 май в Калинине. Я встретил ее на вокзале, предворительно забронировав ей номер в гостинице. Мы поужинали в ресторане – во время ужина она мне строила глазки. После ужина я ее проводил до ее номера. Осмотрев свой номер, она сказала: – Я здесь не хочу ночевать... – Прошу тогда ко мне, – дедім мен. Қысқасы үйге бардық... – Болар іс болды ғой. Мен сіздің қатыныңызбын, – деді ол таңертең. – Иә, сен менің қатынымсың, – дедім мен. Ол маған 13 жыл қатын болды. Мұхтар Омархановичтің мен первый вице-президенті болатынмын. Ол кісінің қолы тиместен Рабиндранат Тагордың 100 жылдығын маған тапсырып кетті. Менің Тагордан хабарым жоқ екен. Публичный библиотекаға барып, Тагордың кітап­тарын алдым. Таудағы дом отдыхаға бардым. 22 томын оқып шықтым. Мұқаңның тапсырмасы ғой. 22 күнде оқып шығып, баяндама жаздым. Мұқаң Индиядан қайтып келді. Академия Науктың кіші залында жиналыс болды. Жиналысты Мұқаңның өзі басқарды. Баяндамашы менмін. Маған сөз берді. Мен 22 минут баяндама жасадым. Зам. председатель Совета Министров Аскар Закарин, академик Кеңесбаев, тағы басқалары бар. – Әй, осылай доклад істеп, бізді анда-санда көтеріп тастасаңшы, – деді. Мухтар Омарханович, Есмаганбет Исмаилов были очень довольны моим докладом. После дали концерт... Мухтар Омарханович был до того доволен, что меня пригласил к себе на ужин. Ссылаясь на состояние здоровья, я отказался от его приглашения. К чему очень был удивлен Есмаганбет Исмаилов. Я взял такси и поехал в горы. Переночевал, проснулся утром, приезжаю домой, ужас, дверь вся поломана, вхожу домой – полная конфискация. В доме ничего нет – жена ушла. Я не стал гнатся, оказывается она увезла все, включая мою личную библиотеку... – Сіздің қызыңыздың менің үйіме келгенде, кір қара дамбалынан басқа түгі жоқ еді. Ал, 70 мың сомның дүниесін алып кетті. Кешірдім, Сіздермен дауласпаймын да, жауласпаймын да. Сау болыңыздар, – деп трубканы қойдым». Баукеңді сүйген сұлулардың қилы-қилы тағдырларына тап бола отырып, оқырманның кімді ақтарын, кімді жақтарын, кімді даттарын білмей дал болары анық. Баукең өз өміріне көрік, жанына серік (қал-қадерлерінше – К.С.) болған жарларын жек көре тұрып жақсы көреді, жақсы көре тұрып жек көреді. Бұл, әсіресе, Ғаиникамал туралы жазбаларында көп кездеседі. Бірде «Біраздан соң Ғайникамал «Қазақ вальсін», «Черные глаза, черные ресницаларды» айтып берді» немесе «Ғайникамал тарелканы алып, балық етін сүйегінен тазартып, менің алдыма қойғанда, отырғандар таң қалды. «Әйел теңдігін өзіміз осылай таптасақ, еркектерден не күтуге болады» деген көзқарасты сезген Ғайникамал: – Бауыржан балық жей білмейді» деп жылы лебіз білдірсе, енді бірде «порядочный әйелде үш қасиет болуы керек. 1-ші қасиет – байын күте білу; 2-ші қасиет – үйін ұстай білу, 3-ші қасиет – бала-шағасын тәрбиелей білу. Осы үшеуі жоқ әйел – әйел емес. Жеңгеңде осы үшеуінің біреуі де жоқ. Чем это объясняется? Это объясняется вполне естественно. Она эстрадная актриса по профессий. Сол школа бұл кісіні қатты бүлдірген. Эстрада дейтіннің өзі глупая вещь. ... Содан кейін бұл кісі 3-4 ай командировкада жүреді ғой. Сөйтіп жүргенде үйден хабар, байдан хабар, баладан хабар болмайды» деп қатты кетеді. Бірақ «ат айналып қазығын табады» демекші, батыр жүрегі бәрібір сол кісінің жанына жалау болып жүргенін қалайды. Міне, осы Ғайникамалмен қалай танысқанын Баукең жіпке тізгендей былай баяндапты. Жазбаны оқи отырып, кезіндегі «ойбай, қарауыл, Баукең біреудің қатынын курортқа алып қашып кетіпті» деген сөздің – өсек, мақаланың – жалған байбалам екеніне көзіңіз жете түскендей болады. «Я ее впервые встретил осенью 1936 года. Ей было 16 лет. Училась она в хореографическом училище. Она жила в соседней квартире, где я останавливался, приезжая в отпуск с Дальнего Востока. Через два года я ее увидел в трамвае. Она была накрашена, размалевана, на голове у нее была одета шапка из куницы не то в форме казахской шапки, не то в форме боярки. – Она недавно вышла замуж за сороколетнего с расчетом, – шепнула мне соседка. Зима 1943 года. Мы стояли под холмом. Она приехала в составе казахстанской бригады. Впервые мы познокомились там. Самостоятельно она приезжала дважды ко мне с ночевками. В свой приезд в Алма-Ату зимой 1944 г. мы продолжили свое знакомство и встречи, почти каждый вечер не то у нее, не то у Жусупбека. Раннею осенью 1954 года она неожиданно приехала ко мне в Калинин, прожила три дня. После демобилизаций прибыл в Алма-Ату. 1956 год. Две-три случайные встречи на улицах. Она позвонила ко мне из больницы. Через три дня неожиданно вечером пришла сама. Мы не могли поговорить, так как дома была Музей апа с детьми. Через день поехали в Талгар и обратно. Через два дня вечером пришла. Осталась ночевать. У нее было очень тяжелое состояние – 240 ударов. Частое-частое сердцебиение было слышно на довольно большом расстоянии. Она была беспомощьна и беззащитна. Я предложил ей поехать к своим детям, отдохнуть, успокоиться, подумать насчет интересов остальных четырех, найти общий язык с мужем. При возможности сьездить на курорт. Время и отдых, возможно, улучшит ее здоровье и сгладят их взаимоотношения. А уход из дома – это поступок весьма крайний и вынужденный, когда нет другого выхода. ...Она сказала, что муж оскорбляет ее, бьет. Она отказалась поехать домой. Я ее положил спать. «Я хочу умереть здесь, на твоих руках», – сказала она почти в полузабытьи. Сердце ее сильно колотило. Я ночью не спал». Баукеңнің Ғайникамал туралы сырларының бұл бір пұшпағы ғана. Нағыз шындыққа көз жеткізе түсу үшін Баукеңнен қалған мұраға үңілу қажет. Тағдыры тұйыққа тірелген Ғайникамалды хал үстінде жатқанда қанатының астына алып, соңындағы үйелмелі-сүйелмелі қыздарын туған қыздарындай бауырына басуы тек қана үлкен жүректі адамдарға тән қасиет екенін ойлап, тәнті боласың. Бірақ әлсіз әйелге қамқорлық жасаймын деген ақ-адал ниетін басқалай түсінгендер жоғарыға арыз бен өсекті қарша боратып, «Артымызда Мәскеу» кітабын жоспардан сыздыртып тастайды. Ш. Мусинмен ауру әйелі мен балалары туралы әңгімелеспек болған ниетіне де біреулер кедергі жасайды. Мына жолдарды оқыған кезде басқалардың қандай көңіл-күйде болатынын қайдам, өзімнің көңілім босап кетті. «Пришли дети. Она их встретила холодно. Не обнимала их, не целовала их. Казалось, была к ним равнодушна. (Видимо отцовские черты на их лицах оттолкнули ее). Маленькая Макпал раздеваясь, сказала: – Мама, пойдемте домой. Он больше не будеть ругать и бить вас. Дети были очень плохо одеты. У Макпал ботинки кашу просили, у нее были мокрые ноги. Кемель был обут в резиновые тапочки. У Шапиги – старенькие, брезентовые туфли... Сразу же тут же одели и обули в привезенные для них из Москвы одежду и обувь. Они повеселели. – Вот все это для вас купил Ата, – сказала она, подавая им чай. Дети с самого начало не отчуждались от меня. Они жили у нас два дня. Искупались, переоделись, резвилсь... Я заметил, что они трое все были зашибленными, но я не брезговал ими. Потом Мусин потребовал их к себе. Тон требования был угрожающим. Старшие после уроков забегали к нам под разными предлогами, а Макпал Мусин не пускал. – Макпал так вчера плакала. Хотела пойти сюда. К маме хочу, и все, – как-то сказала Шапига. Это я услышал случайно. Я всегда уходил в кабинет и никогда не мешал их свиданям. Мусин попросил, чтоб Макпал жила у нас. Мы ее приняли. Аккуратно отводили в детсад и приводили обратно. Приходилось часто ездить за нею на такси так как она (мать) не могла ходить пешком в зимние вечера». Ұлы тұлғалардың талайлы тағдыры, отбасы және нақсүйерлері туралы ізденудің, жазудың кез-келген қаламгер тәуекел ете бермейтін өз қиындығы бар. Өйткені нақты деректен бейхабар ағайындар әрқалай айтады. Адастырады. Содан кейін кейіпкерлеріңнің артында қалған көзі тірі ұрпақтары жазған дүниеңді құп көре ме, көрмей ме деген шетін мәселе бар. Бірақ жаудан да, даудан да беті қайтпаған қайран да қайран қайсар Баукең бүгінгі ұрпақтары шындықты айта алмай, бүгежектемесін дегендей бізге көмек қолын өзі созып кетіпті. «Анау айтты, мынау айтты» деген өсекке малданып, босқа арамтер болмасын дегені шығар. Ақиқатты ғана айтып, шындықты ғана жазғанды пір тұтып өткен Баукең туралы бүгін де тек қана ақиқат айтылып, шындық жазылуы тиіс.

 

17 Көсемәлі Сәттібайұлы, «Ақ жол».