Жауынгер қалжыңдары
Жауынгер қалжыңдары
Әскери бөлімге бір әжей келіп тұр дейді.
– Маған ефрейтор Жылқыбаевты шақырасыздар ма?
Лейтенант:
– Әжей, оны шақыру мүмкін емес, өйткені ол кеше ғана Сіздің жаназаңыз болады деп сұранып кеткен.
* * * Сардар жауынгерге атом бомбасына қарсы қалай қорғану керек екенін үйретіп жатыр. – Егер жарылыс жақын жерде болса басыңды соған қаратып жатасың да, темір телпегіңмен шекеңді жауып аласың, ал автоматыңды бауырыңа басып ал. – Автоматты не үшін? – Балқып кетпеуі үшін.
* * * Рота командирі плацтан өтіп бара жатып... адамның басын көреді.
– Кезекші! Мынау не?
– Бас қой.
– Бас екенін көріп тұрмын, бірақ неге шашын қысқартпаған.
* * *
– Мылтықбай, а, Мылтықбай! Казарманың ішіне ешкі ұстасам қайтеді, а?
– Иіс-қоңысты қайтеміз?
– Үйреніп кетеді. Біз де үйреніп кеттік қой.
* * *
– Жолдас старшина! Маған не бергенін көріңізші. Шалбарым тізеден, көйлегім қап сияқты, ал жеңі шолтиып тұр, етігім болса қолп-қолп етеді, қараудың өзі қорқынышты.
– Бәрі ойдағыдай жолдас жауынгер. Сарбаз ең бірінші үрейді жеңе білуі керек.