Әдебиет

Қалам мен қаруымды қатар кезеп...

Қалам мен қаруымды қатар кезеп...

Алты жыл жүрдім әскер қатарында, Тыныштық орнасын деп Отанымда, Қалам мен қаруымды қатар кезеп, Жайратып жауды жеңдік апанында.

Қанды ауыз қарақшыны қыр асырып, Қуа бердік күн мен түн асырып. Үйіліп қалды өлік жол бойында, Дұшпанның қалды көңілі, сірә, суып.

Жақындап бірте-бірте жеңіс мүлде, Бүршігін атты жаңа еккен гүл де. Оқ пен отқа оранған жауынгерге, Ай туып арайланды, шықты күн де.

Жеделдеп жеттік Жеңіс Парадына. Сарбаздар кір келтірмей Ар атына. Берлиннің көшесінен саппен өттік, Қолбасшы қонғанында ақ атына.

Алауын Ұлы Жеңіс жағып төрден, Қоштастық жауынгерлік жүрген жерден. Бауыржан батырлыққа баулығанда, Жамбыл атам ақындық алып берген.

Сол зұлмат қасіретті халық көрген, Оралдық туған елге тағып та орден. Талқандадық жаудың тірек тас қамалын, Ұлы Жеңіс алауын жағып төрге!

Мүтәліп Ережепбайұлы, соғыс ардагері.