Головкин ауыр дертке шалдыққан спортшыға көмектесу үшін қолғабын аукционға шығарды
Головкин ауыр дертке шалдыққан спортшыға көмектесу үшін қолғабын аукционға шығарды
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің бокс қолғабы қайырымдылық аукционына шығарылды.
Саудадан түскен қаражат кикбокстан әлемнің вице-чемпионы Азамат Нұрпейісовті емдеуге жұмсалады.
Бәссауданы «Астана» мейірімділер клубының» негізін қалаушы Гүлмира Әбдірашева ұйымдастырып отыр. Оның айтуынша, Головкиннің қолғабын боксшының менеджері Олег Герман жіберіпті.
Ал Головкиннің өзі Азамат Нұрпейісовтің ертерек жазылып кетуін тілепті.
Лоттың бастапқы бағасы – 30 000 теңге. Бәссауда Әбдірашеваның Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында өтеді.
Қолғапты сатып алған адам ақшаны тікелей Азамат Нұрпейісовтің шотына жібереді, содан кейін ғана қолғапты алып кете алады.