АЛАТАУДАН, АРҚАДАН АҚЫНДАРЫМ КЕЛІПСІҢ
АЛАТАУДАН, АРҚАДАН АҚЫНДАРЫМ КЕЛІПСІҢ
Алатаудан, Арқадан Ақындарым келіпсің, Тілдерінен бал тамған, Жақындарым келіпсің. Ертіс, Есіл, Іле, Сыр, Бас қосқалы келіпсің. Жүрген жері думан жыр – Сендер елге көріксің! шаршы топта төгілген, сөздеріңді сағындым. көзге жылы көрінген, өздеріңді сағындым. астананың елімен, бір қуанған кәріңмін. алтын орда төрінен, қолыңды алып көріскен, сәлемі осы жамбылдың!
Жамбыл ақын кешегі заманда жырдан осылай дауыл тұрғызса, бүгін де қуанып, Қазақ хандығының 550 жылдық тойындағы айтысқа келіп жатқан ақындар мен қонақтарға да құшағын ашып тұрғандай. Тараз қаласында өтетін ақындар айтысы тойдың айта жүрер ең бір әсерлі мәдени іс-шарасы болады деп күтілуде.