Қозыбасы

305

Қозыбасы – тарихи дерек көздеріндегі Қазақ мемлекеті құрылған аумақ. Этимологиялық мағынасы қозының басындай ғана тау-төбелі жерлерді білдіреді.Жетісу өңірінде бірнеше Қозыбасы бар. Мысалы, Іле Алатауының солтүстік-батысында Қозыбасы аталатын жота бар. Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері – Шу бойы мен Қозыбасы деп аталады.
Қозыбасы аталатын шоқы Жамбыл ақын «Сұраншы батыр» дастанында жырлағандай Қордай асуында, Мойынқұм ауданы Хантау іргесінде және Іле Алатауының солтүстік-батысындағы Қозыбасы деген биікте кездеседі. «Манас»эпосында айтылғандай Шу өзенінің бас жағында да (Қырғызстан жерінде) бар.
Төрт Қозыбасы да Шу атырабымен іргелес жатыр. Шу бойы мен Қозыбасы тауы – географиялық тұрғыдан алғанда 14 -15 ғ. басында өмір сүрген Моғолстан мемлекетінің батыс бөлігіндегі өңір.

Comments are closed.