Денсаулық

Жазушы: Шыңғыс хан моңғол болсын, түрік болсын, бәрібір қазақтан шыққан

Жазушы: Шыңғыс хан моңғол болсын, түрік болсын, бәрібір қазақтан шыққан

445Қазақстандық жазушы әрі  журналист Тұрсынбай Жандәулет өзінің “Шыңғыс хан қазақ па, моңғол ма?” атты мақаласында ұлы қолбасшының ұлтына қатысты мәселені көтерді.

Көптеген зерттеушілер Шыңыс ханның ұлтын анықтауға кіріскен кезде оның арты жиі дауға ұласып жатады. Автор бұл мәселеге қатысты өз ойымен нүкте қоюға тырысқан.

“Бұл сұраққа жауап бермес бұрын, өз нұсқамды ұсынғым келеді: Шыңғыс хан моңғол болсын, түрік болсын, бәрібір қазақтан шыққан!»… Шыңғыс хан қазақ ұлтының қалыптасуына өзінің салмақты үлесін қосқан тұлға. Ол шашылып жатқан моңғол тайпаларын біріктіріп, түркі халықтарына қарсы шықты. Содан кейін моңғолдар мен түркілер біріге отырып, үлкен империя құрды”, – деп ойын бастады автор.

Оның пікірінше қазақтар моңғолдарға кезінде бағынышты болғанын мойындағысы келмейді.

“Бұл орайда қазақтардың қытығына тиетін бір мәселе бар: Біз өзімізді түрік ұрпағы санаймыз, сондықтан қазақтар моңғолдың билігіне тәуелді болды дегенді мойындаудан қашамыз. “Қалайша біз қайдағы бір моңғолдарға бағынышты болғанбыз” дейтіндер баршылық”, – дейді жазушы.

Автор қазақтар өзін тек түркі халқы емес, моңғол халқы деп те қабылдауы тиіс деп санайды.

“Не себепті қазақтар өзін тек түркі халқы санайды? Иә, біздің тіліміз түркі халқынан бастау алған. Бірақ біз тек жартылай ғана түркі халқымыз. Біздің екінші жартымыз – моңғолдардан! Біз түркі-моңғолдармыз! Бұл жағымды болсын, болмасын – тарихи факт. Бүгінде әр қазақ жартылай түркі, жартылай моңғол болып келеді”, – дейді Жандәулет.

Жазушы қазақ хандарының да моңғолдармен қаны аралас болған деген пікірде.

“Осы жылы қазақ хандығының қалыптасуының 550 жылдығы болады. Барлық қазақ хандарының (қазақ хандығының негізін қалаушылар Керей мен Жәнібек, Қасым хан, Хақназар хан, Есім хан, Тәуке хан, Абылай хан және тағысын тағылар)  қанында моңғолдардың қаны аралас екені белгілі. Біздің қанымыз моңғолдармен аралас екенін ұялу керекпіз бе? Меніңше жоқ, себебі моңғолдар ұлт ретінде түркілерден еш кем түспейді”, – деп жалғастырды автор.

Журналист бұл тоқтамға Шыңғыс ханды ұлы адам санайтындықтан келмегендігін алға тартты.

“Мен Шыңғыс ханды ұлы санайтындықтан осылай айтып отырған жоқпын. Ол талай халықты қырып салған тұлға екені белгілі. Мен президентіміз айтқандай, тарихымыздың шынайы фактілерін кемсітпеу керектігін айтқым келді» – деп ойын түйді жазушы.