- Advertisement -

Ұлтты ұлықтай беру керек

84

- Advertisement -

zhaqsylyq_ami++raliuly_ushkempirov
Жақсылық Үшкемпіров, Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы.

Бұл той – ерліктің, елдіктің тойы. Бабаларымыз осыншама кең жерді бізге жанқиярлық батырлықпен мирас етіп қалдырды. Дауылпаз дәуірлердің тоғысында сан алуан тар жол тайғақ кешулерді бастан өткерсек те, елдігімізді сақтап қалғанымыз үлкен абырой. Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойының кең көлемде тойлануына бар мүмкіндікті жасаған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысымыз шексіз. Біз батыр бабалардың аманатын сақтай біліп, осынау сайын даланы болашақ ұрпаққа табыстауымыз қажет.
Тарихи той қарсаңында тағы бір айтарым, қазақ елінің, ұлтының бай тарихын мектеп оқулықтарына молынан енгізу керек. Сол арқылы біз жас ұрпақтың сақ пен ғұнның жалғасы болған жұртымыздың тарихын кеңінен тани түсуіне мүмкіндік жасаймыз. Болашақ – жастардың қолында ғой. Талай трагедияны да, қуанышты сәттерді де бастан өткерген бабаларымыздың соқпаққа толы жолын оқып өскен ұл әрқашан намысшыл болады. Одан бөлек жастарымыз спортқа бейім, үйір болса екен деймін. Ұлы дала ұландарының, тұлғаларының сенімін ақтап, тәуелсіз мемлекеттің көк Туын көкте желбіреткенге не жетсін!? Бұл да біздің ұлт ретіндегі ұлықтығымызды айшықтай түспейді ме? Ендеше айналайын жастар, елдің нағыз патриоттары, сергек ойлы азаматтары болыңдар. Менің ақ тілегім осы.
Біз Қазақ хандығының мерейлі тойын ел қатарлы қарсы алып отырғанымызға шын жүректен қуаныштымыз. Өркениет көшінде еркін самғаған тәуелсіз Қазақстан жасай берсін, елдігіміз баянды, ғұмырлы болсын! Ұлы той құтты болсын! Мемлекетіміздің мерейі әрқашан үстем болып, тарихымызды түгендей жүрейік! Барша жерлестердің, отандастардың отбасына амандық, елімізге бейбітшілік пен тыныштық тілеймін!

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support