Жаңалықтар

Ақала ордам қонған жұрт

Ақала ордам қонған жұрт

Керей мен Жәнібек 1465-1480 жылдары Қазақ хандығын құрып, ел биледі. Бұрындық хан 1480-1511 жылдары; Қасым хан 1511-1518 жылдары; Мамаш 1518-1523 жылдары; Тақыр 1523-1533 жылдары; Бұйдаш 1533-1534 жылдары; Қожа Махмұт 1534-1535 жылдары; Тоғым 1535-1537 жылдары; Хақназар 1538-1580 жылдары; Шығай 1580-1582 жылдары; Тәуекел 1582-1598 жылдары; Есім 1598-1628 жылдары; Жәңгір 1629-1652 жылдары; Әз Тәуке 1680-1715 жылдары; Қайып 1715-1718 жылдары; Болат 1718-1723 жылдары; Сәмеке 1729-1734 жылдары; Әбілмәмбет 1734-1770 жылдары; Абылай 1771-1781 жылдары билік құрды. Бұдан бөлек Әбілхайыр 1718-1748 жылдары, Нұралы 1748-1786 жылдары, Ералы1791-1794 жылдары, Есім 1795-1797 жылдары, Айшуақ 1797-1805 жылдары, Шерғазы1805-1824 жылдары кіші жүзге, Қайып 1716-1719 жылдары, Сәмеке 1719-1734 жылдары, Әбілмәмбет1734-1771 жылдары, Уәли 1781-1819 жылдары, Бөкей 1815-1817 жылдары орта жүзді биледі. Қазақтың соңғы ханы Кенесарының билік құрған жылдар – 1841-1847. Кенесары – Абылай ханның немересі, Қасым төренің баласы.