Ұрпақтар ұлағатымен
Ұрпақтар ұлағатымен
Аға буыннан кейінгі толқын жастардың үйренері көп. Әрі үлкенге құрмет көрсету қазақы болмысымызға мықтап сіңген. Міне, сондықтан да облыс бойынша ҚАЖД ЖД-158/1 мекемесінің әкімшілігі жыл сайын 1 қазан – қарттар күніне орай қылмыстық атқару жүйесі органдарының ардагерлерін мерекелерімен құттықтап, құрмет көрсетеді. Биыл да бұл үрдіс жалғасын тапты. Мереке қарсаңында ЖД-158/1 мекемесі басшысының тәрбие жөніндегі орынбасары, әділет майоры Б. Қадыров пен кадр жұмысы бөлімшесінің басшысы, әділет капитаны Б. Әлімжанова сала ардагерлері – Н. Корепанова, М. Досанова, К. Алтынбекова, Ж. Нұрмұхамбетова, К. Қалдарованың үйлеріне арнайы барып, мерекелерімен құттықтады. Олардың құқық қорғау саласына арнаған адал еңбектеріне алғыс білдіріп, сый-сияпат жасады. Жалпы, қылмыстық атқару жүйесінде ұзақ жылдар бойы қызмет атқарған, өмірлік тәжірибесі мол ардагерлер мен саланың қазіргі қызметкерлері арасында тығыз байланыс орныққан. Себебі, аға буын әрқашан жас мамандар үшін үлкен тәжірибе мектебі болып табылады. Сондықтан, олардың бай тәжірибесін жастар өздеріне үлгі етуі керек.
Гүлнұр Байгузова, ЖД-158/1 мекемесінің РжК бөлімінің аға бақылаушысы, әділет старшинасы.