«Астана арландары» ақтық сынға өте алмады
«Астана арландары» ақтық сынға өте алмады
WSB жарысының былтырғы жеңімпазы «Астана арландары» биылғы маусымда ақтық сынға бір табан жақын қалғанда сүрініп, финалға шыға алмады.
Астанада өткен алғашқы матчта «арландар» 3:2 есебімен жеңіске жеткен. Ал, Бакудегі кездесуде «Baku Fires» командасы 4:1 есебімен басым түсті.
Ілияс Сүлейменов (52 кг) Элвин Мамишзададан — 0:3 (47:48, 47:48, 47:48), Самат Башенов (60 кг) техникалық нокауд алып, Альберт Селимовтен, Манат Өмірзақов (69 кг) Евгений Рамашкевичтан — 0:3 (46:49, 46:49, 46:49) ұтылды.
Үш кездесуде қатар ұтылған «арландықтардың» үмітін Хрвое Сеп (81 кг) қайта жақты. Ол Михаил Долголевцтен басым түсті — 2:1 (49:45, 48:46, 46:48).
Соңғы шешуші кездесуде Филипп Хргович (+91 кг) жеңіске жеткендей көрінген. Бірақ төрешілер Хаджи Муртузалиев ұтты деген шешім шығарды. Есеп 1:2. Енді ақтық сында Баку командасы Куба құрамасымен кездеседі.
Ақпарат көзі: www.alaman.kz