Астанада той кортежінде қымбат көлік мінген байдың ұлдары шетінен жұмыссыз боп шықты
Астанада той кортежінде қымбат көлік мінген байдың ұлдары шетінен жұмыссыз боп шықты
Жол ережесін бұзумен күллі елге аты шыққан бай-бағланның еркелері сотты менсінген жоқ деп хабарлайды КТК арнасы.
Сондықтан заңды сыйламаған Астанадағы атышулы кортеж жүргізушілеріне сырттай жаза кесілді. Достарының тойында жолда есірген төрт жігітке судья 12 ай көлік жүргізуге тыйым салды.
“Мерседес-Геленвагеннің” жүргізушісі Қанат Ахметовты, «Мерседес» мінген 23 жастағы Төлеген Әбиев және екі «Лексусты» басқарған Сержан Мәуленов пен 23 жастағы Қанат Рамазантегі бір жылға көлік жүргізу куәлігінен айырылсын”, – деді судья Құралай Арқабаева.
Жеті бап бойынша жаза арқалаған төртеуге жарты миллион теңге айыппұл салынды. Жастары жиырмадан асқан жігіттер өңкей қымбат көлікті сенімхатпен жүргізген.«Геленваген» мінсе де, бәрі шетінен жұмыссыз екен.
Ал судья елді шулатқан той кортежінің видеосын тура сот залында қарады. Бір қызығы қаланың қақ ортасында тайраңдаған машиналар көше бойындағы қаптаған камераға түспей қалыпты. Бейберкетсіздікті куәгерлер түсірмегенде іс жылы жабылып қалар еді.
Астанадағы ең үлкен даңғылда шоу жасаған үйлену тойының кортежі Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасы орынбасарының ұлына тиесілі болған. Баласының кесірінен Бақытжан Балташев амалсыз отставкаға кетті. Полковник зейнетақысы мен түрлі әлеуметтік жеңілдіктен қағылуы мүмкін.