Саясат

Президент Қазақстанның биыл ДСҰ-ға мүшелікке өтетіндігіне үміт артты

Президент Қазақстанның биыл ДСҰ-ға мүшелікке өтетіндігіне үміт артты

Қазақстан биыл Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуі мүмкін. Бүгін Астанадағы "Қазақстан" киноконцерт залында өтіп жатқан Азия даму банкі Басқарушылар кеңесінің 47-ші жыл сайынғы отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстан құрамына Ресей мен Беларусь кіретін Еуразиялық экономикалық одақты қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жалғастырып жатқандығын атап өтті. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Кеден одағы жұмыс істеп жатқандығын әрі оның еліміз үшін мол табыс әкеліп отырғандығын айтты.

"Бұған қоса, біз Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне қатысты келіссөздер үдерісін аяқтауға жақынбыз. Толық мүшелік осы жылы орын алады деп үміт артамыз", - деді Н.Назарбаев.

Ақпарат көзі: www.nur.kz