Меккеде тағы бір қазақстандық көз жұмды

69

Мекке МеккеМеккеМеккеге қажылық парызын өтеуге кеткен қазақстандық азамат Нұрсұлтан Алпысбаев қаза тапты. Бұл туралы марқұм осыған дейін қызмет жасаған Еуразия ұлттық университетінің баспасөз қызметі Қазақпаратқа хабарлады.

«Нұрсұлтан Алпысбаев Еуразия ұлттық университетінің дене тәрбиесі және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс жасаған. Біздің оқу орнында 35 жылдай қызмет етіп келеді. Марқұмның қайтыс болу себептері әлі белгісіз», – деп хабарлады оқу орнынан.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам жүрек талмасынан 25 қыркүйекте көз жұмған, алайда бұл туралы бүгін ғана белгілі болды. Туыстарының сөзіне қарағанда, ер адам бұған дейін де Меккеге қажылыққа барған деп хабарлайдыTengrinews.kz.

 

“Ол адамдар сығылысқан кезде болмаған. Барлық рәсімнен өтіп, үйге ұшып келуі тиіс болатын. Бірақ ол топтан қалып қойып, жоғалып кеткен. (…) Үш күннен кейін ол Меккедегі мәйітханадан табылды. Бізге ол жүрек талмасынан көз жұмған деп хабарланды”, – деді туыстары.

Еске сала кетейік, осыған дейін Меккеде 78 жастағы Қазақстан азаматшасы жүрек талмасынан қайтыс болған болатын.

 

 

Comments are closed.