Денсаулық

Қазақстанда шығарылған локомотивтерге Молдова мен Украина қызығушылық танытып отыр

Қазақстанда шығарылған локомотивтерге Молдова мен Украина қызығушылық танытып отыр

20150915141118Қазақстанда шығарылған локомотивтерге Молдова мен Украина қызығушылық танытты. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-ның ресми сауалына «Қазақстан темір жолы» компаниясынан хабарланды.

ҚТЖ мәліметіне қарағанда, бүгінде жүк тепловоздарымен ішкі нарықтағы қажеттілік толығымен қамтамасыз етілген. Негізгі тапсырушы «Локомотив» АҚ болып табылады. 2010 жылы бұл компанияға 275 жүк тепловозы сатылса, 2019 жылдың соңына дейін 110 жолаушылар тепловоздарын өткізу туралы келісімшартқа қол қойылды.

«Өндіріс іске қосылғалы 12 тепловоз Қырғызстан, Украина, Тәжікстан және Түркіменстан секілді елдерге экспортталды. Биыл қаржы лизингі кестесі бойынша 10 тепловозды Әзербайжанға сату бойынша келісімшарт бекітілді. Қазіргі кезде локомотивтерді алуға Молдова, Украина, Тәжікстан және «Теңізшевройл» компаниясы қызығушылық танытуда»,-деп хабарлады ҚТЖ.