Қазақстанда 1 мамырдан бастап дизель отыны қымбаттады
Қазақстанда 1 мамырдан бастап дизель отыны қымбаттады
Қазақстанда мамырдан бастап дизель отыны қымбаттады, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Асылбек Дүйсебаев. Қазақстан жаңалықтарының мәліметіне жүгінсек, бензиннің бағасы таяу уақытта көтерілмейді, тек дизель отыны қымбаттаған.
Агенттікте дизель отынының бағасы есептелетін жаңа формула бекітілді және 1 мамырдан бастап дизель отынының бағасы ғана қымбаттады.
Дизель отынының нақты қанша теңге болатыны әзірге белгісіз. Дегенмен кемі 10-15 пайызға артады деген болжам бар. Ал, бағаны көтеруге монополияға қарсы агенттік рұқсатын беріп қойған.
Бағаның тұрақсыздығы, әсіресе, шаруалардың қалтасын қаққалы тұр. Өйткені, бірер аптада егін егу науқаны басталғалы жатыр. Жалпы көктем мен күзде дәл осы солярка бағасының құбылуы қашаннан әдетке айналған.
Оның үстіне биыл тура науқан алдында сол қымбаттағалы жатқан дизельдің тапшылығы айтылуда. Жетіспеушілік тіпті кей аймақтарда сезіле бастаған. Ішкі сұранысты қамтуға отандық зауыттардың шамасы жетпей жатқанға ұқсайды.
Ақпарат көзі: www.nur.kz