Әдебиет

Күзгі ырғақтар

Күзгі ырғақтар

Алау бақта алаулап қызғанда үміт, Қыраттарға сарыала із қалдырып, Көшіп бара жатыр-ау жаз-жәрмеңке, Қойыппыз-ау оны да күзге алдырып. Керуен-керуен көшеді тырна-дәурен Маң даланың кеудесін думан қылып. Қанаттарын жел қағып, ызғар қарып, Бір күн жетер түстіктен тұз-дәм жазып. Мейлі, жүрек жылуын кетсін сарқып, Қызғанбадық, оны да, қызғанбадық. Көшпенді жұрт секілді көшті құстар, Қала бердік күз-уайым біз малданып. Алапат бір әуеннен қыр жаңғырып, Жырға алдырып өнбойын, сырға алдырып, Көшті құстар, көшті жаз, көшті әсемдік, Қыз-дүниенің кеудесін буған қылық Ақтарылып кетті де, көше берді Сардаланың кең төсін думан қылып! Амангүл БӘКЕНҚЫЗЫ, Назарбаев зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Тараз қаласы.